Атырау, 26 сәуір 16:43
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Қолшатырлы адамдардың тілшілерге кедергісін министрлер "байқамаған"», «Нұрқаділовтен Байбекке дейін: Алматының әкімдері несімен есте қалды?», «Арыстағы шеруде "сақалдылар" кімді сабады?»,«Сот шешімі: Франция Кәрімованың ақшасын Өзбекстанға қайтармақ».

2 654 просмотра

AZATTYQ.ORG «Қолшатырлы адамдардың тілшілерге кедергісін министрлер "байқамаған"» - "Арыз жазыңыздар". Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 6 шілдеде Нұр-Сұлтанда Азаттық радиосының тілшілеріне кедергі келтіргендердің үстінен шағымдануға кеңес берді. Астана күні қалада полицияның адамдарды жаппай ұстап жатқан сәтін видеоға түсірмек болған Азаттық тілшілеріне маска киген, қолшатыр ұстаған адамдар бөгет болған.

«Түрмеде өлгендердің туыстары "астан уланғанына" сенбейді» - Түрмеде "астан уланып қайтыс болды" деп хабарланған 14 тәжік тұтқынның кейбір туысы ресми себепке күмәнмен қарайды. Олар өлгендердің дене мүшелерінің зақымданғанын һәм көгергенін айтады.

ABAI.KZ. «Нұрқаділовтен Байбекке дейін: Алматының әкімдері несімен есте қалды?» - Алматы – еліміздің ең маңызды саяси-экономикалық, мәдени-рухани қаласы. Ал, Алматының әкімі болу әр кезде жауапкершілігі жоғары қызмет. Жуырда ғана бұл қалаға ҚР Премьер Министр қызметін атқарған Бақытжан Сағынтаев тағайындалды.

QAZAQTIMES.COM. «Сот шешімі: Франция Кәрімованың ақшасын Өзбекстанға қайтармақ» - Өзбекстан экс-президентінің қызы Гүлнәр Кәрімованың Францияда тәркіленген мүліктеріне қатысты сот үкімі мәлім болды. Үкім бойынша Кәрімованың Париждегі пәтері, Сен-Тропадағы вилласы, Париж маңындағы сарайы сатылып, ақша өзбек бюджетіне аударылатын болды.  

QAMSHY.KZ. «Арыстағы шеруде "сақалдылар" кімді сабады?» - Айгүл Орынбек өзінің Арыс қаласының тұрғыны екенін, алайда наразылықты бастап жүргендердің арасында арыстықтардың өте аз екенін жеткізді.

INFORMBURO.KZ. «Қазақтың тұзды пайдалану мәдениеті және төсті неге күйеуге не келінге береді?» - Қазақта "дәм-тұзың таусылмасын" деген сөз не үшін айтылды? Тұзды тұтынудың мөлшері бар ма?Пайдасы мен зияны қандай? Тұз туралы аңыз, халық медицинасы не дейді?


10 шілде 2019, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.