Атырау, 26 сәуір 23:03
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Алғашқы және соңғы демократиялық сайлау», «Қазақстанда адал президенттік сайлауды қалай өткізуге болады?», «Мектептерде үш тілділік оқытуға көшу тоқтатылады ма?», «Қазақстанда зейнетақы қорындағы қаражатты жекелеген компаниялардың басқаруына бермекші».

3 676 просмотра

AZATTYQ.ORG. «”Қыбыр еткеннің бәрін табыс санайды”  Көп балалы аналардың зары» - Атаулы әлеуметтік көмек сұраған Қарағанды облысының көп балалы аналары отбасының жиынтық табысын есептеу тәсілімен келіспейді. Олар тіркелудің қиындығын, қосалқы шаруашылық үшін де мемлекет жәрдемін ала алмай қалатындарын айтады. Билік өкілдері ережеге сәйкес әрекет ететіндерін мәлімдейді.

«Алғашқы және соңғы демократиялық сайлау» - Қазақстан билігі биыл маусымда тағы бір кезектен тыс президент сайлауын өткізгелі жатыр. Постсоветтік елдегі бұған дейінгі сайлаулардың ешбірін халықаралық ұйымдар «еркін» деп таныған емес. Осы тұста Азаттық советтік кезеңге дейінгі Қазақстанда өткен алғашқы және соңғы ашық сайлаудың тарихына үңіліп көрді.

«Иран мен Сирия Астана процесінің алдағы отырысын талқылады» - Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф келесі аптада Қазақстанда өтетін Сирия келіссөзі алдында Дамаскіге барды.

ABAI.KZ. «Затаевич еңбектерінің беймәлім қырлары» - Жуырда А.В.Затаевичтің 150 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелдерден қонақтар келіп қатысты. Іс-шара тізгінін М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов мырза ұстады.

«Әмір Темір шешесі еврей болғандықтан мұсылмандарды қырды» - Шыңғысханға дейінгі, яғни ХІІІ ғасырға дейінгі қазақ мұсылмандығы жайын сол жүзжылдықтың тұсында өмір сүрген араб тарихшысы Ибн әл Асирдің «Китаб әл-камил фи-т-та'рих» атты еңбегіндегі деректер қамтиды.  Ол деректерден Орта Азия мен қазақ даласындағы мұсылмандарда сопылық дәстүр болғаны байқалмайды. Иран аумағында болған көптеген секталар жайлы баяндалады, ал біздің аумақтағы билеушілердің жақсы мұсылмандар екені атап көрсетіледі (Қазақ хандығы-Қараханиди билеушілері).

INFORMBURO.KZ. «Қазақстанда зейнетақы қорындағы қаражатты жекелеген компаниялардың басқаруына бермекші. Бұдан не өзгереді?» - Қазақстандықтарға өздерінің болашақ зейнетақысының көлеміне тікелей әсер етуге мүмкіндік беріледі. Тиімдірек басқарушы компанияны таңдай отырып, әр адам ақша салу әдісін анықтай алады. 

TURKYSTAN.KZ. «Шаяхметовтен Шәмшидиноваға дейін...» - Білім және ғылым саласы әлі күнге реформадан көз ашқан емес. Неге екенін қайдам, осы салаға келген басшы алдыңғысы қолға алған реформаны жалғастыруға бейіл емес. Бәлкім, министр ретінде жаңалық енгізбесе, өзін жайсыз сезіне ме, әлде талап сондай ма, әйтеуір бұрынғының бәрін жоққа шығаруға құмар. 

CAMONITOR.KZ. «Қазақстанда адал президенттік сайлауды қалай өткізуге болады?» - Бізді қандай да бір сайлаулармен таң қалдыру қиын, бірақ қазіргі жағдай ерекше болып табылады. Біріншіден, бұрынғы кездерде біз ешқашан еліміздің жаңа президентін таңдаған емеспіз, ал екіншіден, көпшілігіміз алдағы сайлау науқанынан қандай да болмасын интрига күтудеміз. Бірақ ондай нәрсеге сену қиындау болса да, қанша дегенмен, осы жолы барлығы әдеттегіден өзгеше өтсе екен деген тілек бар.

«Мектептерде үш тілділік оқытуға көшу тоқтатылады ма?» - Білім беру мекемелеріне арналған «Алдымен қазақ және орыс тілдері, ал тек содан кейін ағылшын тілі!» – деген жаңа қондырғы соңғы күндері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдермен өткен кеңесінде және оның Aiqyn мен Egemen Qazaqstan газеттеріне берген сұхбатында естілді. Ал бұл үш тілділіктің дау-жанжалды реформасы тоқтатылуы тиіс екенін ғана білдіруі мүмкін. Бұл жаман ба әлде жақсы ма? Мемлекеттік бағдарлама аясында іске қосылып үлгерген жобалармен не болмақ? Енді біз қай бағытта қозғалатын боламыз?


18 сәуір 2019, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.