Атырау, 26 сәуір 16:55
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Түркияның астанасында бір мезетте 28 көлік соқтығысты

1 902 просмотра


Оның біреуі жедел жәрдем бригадасының көлігі. Салдарынан 7 кісі жарақат алды. Бұл туралы Түркиядағы «Хабар 24» арнасының меншікті тілшісі хабарлайды. 

Жол апаты Анкараның батыс даңғылындағы Ақшемсеттин көпірінде көктайғаққа байланысты орын алған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен қауіпсіздік сақшылары дер кезінде жетті. 

Апатқа байланысты көпірдегі қозғалыс тоқтатылды. Естеріңізге сала кетейік, түрік елінде толассыз жауған қар салдарынан кеше және бүгін 20-дан астам провинция мен оған қарасты аудандарда мектептер мен бірқатар мемлекеттік мекемелер уақытша жұмысын тоқтатқан болатын.

Дереккөз: 24.kz

27 желтоқсан 2018, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.