Атырау, 30 сәуір 16:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

​​Елімізде 1 миллионнан астам адам несиесін өтей алмай отыр

1 869 просмотра


Қазақстанда 1 млн 102 мың адам алған несиесін өтей алмай отыр. Несие алушылардың ісі қарыз өндіру үшін коллектор агенттіктерге жіберілген. 14 млн-ға жуық адамның несие алуына шектеу қойылған.

Мектеп жасындағы балалар мен зейнеткерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар несие ала алмайды. Жалпы бүгінде елімізде 3,5 млн адамның банктерге қарызы бар. Оның 64 пайызы берешегін толық өтеуге қауқарсыз. Мамандар соңғы екі жылда тұтыну несиенің көлемі 48 пайызға артқанын айтады. Қазақстанда жыл басынан бері берілген кредиттердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 2 трлн теңгеге ұлғайды. 

Экономиканы несиелеудің жылдық өсімі 7% немесе 816 млрд теңгені құраған. Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиясынан айырылған банктердің кредиттік портфелін есептемегенде, осындай көрсеткіш шығып отыр. Ал кәсіпорындарға теңгемен берілетін кредиттер бойынша мөлшерлеме жыл басындағы 13,2%-дан 12,2%-ға дейін төмендеді. Қазақстан банктерінде 2019 жылдың басында тәуекелге бағдарланған тәсіл енгізіледі. Ондағы мақсат – тәуекелі жоғары саясат ахуалына жол бермеу. 

Азық-түлік сапасы

ЮНЕСКО 2020 жылға қарай тамақ өнімдеріне деген сұраныс 85 пайызға өседі деп болжайды. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, адам жылына 960 келіге дейін азық-түлік тұтынуы тиіс. Бұған ішетін су да кіреді. Дамыған елдерде азық-түлік калорияларын тұтынудың орта тәуліктік деңгейі 3350 ккал-ға, ал дамушы елдерде 2520 ккал-ға тең. Азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігінен бөлек, экономикалық қолжетімділігі маңызды. Халық отандық өндірістегі экологиялық таза және пайдалы азық-түлік өнімдерімен 60-80% қамтамасыз етілуі керек. Бұл ретте Елбасы қазақстандықтардың сапалы азық-түлікті пайдалануына үлкен көңіл көңіл бөліп отыр. Себебі ұлт саулығы – басты байлық. Бүгінде елімізде азық-түлік кәрзеңкесінде 44 өнім көрсетілгенін еске саламыз. Әлемдегі 30 мемлекет азық-түлікке зәру. Жалпы жаһанда созылмалы аштық дертіне 1 млн-ға жуық адам ұшырап отыр. 

Тәрбиешілердің жалақысы өседі

Қазақстанның болашағы білімді, тәрбиелі, дені сау ұрпақ қолында. Осы ретте Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру бағытында жол картасын әзірледі. Оның аясында балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30-дан 50 пайызға дейін артады. Жағымды жаңалықты Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты. Өкінішке орай елде сала мамандары тапшы. Еліміздегі балабақшаларда 55 мың тәрбиеші жұмыс істесе, оның 45 пайызы ғана мамандық бойынша білім алған. 

«Жалпы жыл сайын мемлекеттік грант көбейтілуде. Алайда мамандық бойынша жұмыс істеп жүрген тәрбиешілер тым аз. Қазір маман тарту амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. 

Еске салайық, Қазақстанда 10314 мектепке дейінгі мекеме бар. Онда 1-ден 6 жасқа дейінгі 880 мың бала тәрбиеленіп жатыр. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі: 

– Мұғалімдер сияқты тәрбиешілер де ұлттық тестілеуге қатысады. Биыл 60 мың мұғалім ұлттық тестілеуден өтті. 36 мың мұғалім жоғары баға алып, жаңа біліктілікке ие болды. Сонымен айлықтары 30-50 пайызға дейін көтеріліп отыр. Енді тәрбиешілерге ұсынып отырмыз. Бұдан былай педагогикалық жоғарығы оқу орындары мен колледж түлектеріне ұлттық кәсіби тест тапсыру міндеттелуі мүмкін. Министрлік осындай өзгеріс енгізуді қарастырып жатыр. Оны келер жылға қалдырдық. Ол кезде жас мамандар біліктіліктерін дәлелдеп, жалақыларын 50 пайызға дейін көтере алады. 

Мамандық бойынша мемлекет тарапынан білім гранттары бөлінеді. Деректерге қарасақ, жыл сайын артып келеді. Мысалы, өткен жылы жоғары оқу орындарында 270 бөлінсе, биыл 550-ге жетті. Ал колледждерге былтыр 5560, биыл 7200 грант бөлінген. «7-20-25» бағдарламасы аясында 2 658 өтініш құпталды. 

Бұл – 31,8 млрд теңге. Жалпы,бағдарлама қолға алынғалы 47,1 млрд. теңгенің 4000-ға жуық өтініші келіп түскен. Бағдарлама тиімділігін арттыру үшін қыркүйекте өзгерістер енгізілген болатын.

Дереккөз: 24.kz

1 қараша 2018, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.