Атырау, 26 сәуір 12:43
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Ресейден келетін кейбір тауарларға шектеу қойылуы мүмкін

1 428 просмотра


Ресейден келетін импорттық тауарлар азаюы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық сертификаттардың толық болмауына байланысты көрші елден келетін тауарға шектеу қоюға құқылы. Жауапты министрлік мәселені шешу үшін мамыр айында әріптестеріне сертификаттардың дұрыстығын тексеру мақсатында «Меркурий» ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсат сұраған. 

Көрші ел қағазда жазылған 32 таңбалы код арқылы рұқсаты бар-жоғын тексеруге болатынын мәлімдеген. Алайда қазір елімізге жеткізілген тауарлар сертификатында бұл сан көрсетілмеген. 

«Сондықтан шекара асқан өнімдердің рұқсаты бар жоғын анықтау мүмкін емес», – дейді мамандар. Салдарынан қазақстандық тарап Ресейден келген тауарларды ішкі нарыққа өткізбеу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Елімізде өңіраралық әлеуметтік пакеттің қарама-қайшы болуы өзге елдермен салыстырғанда, жоғары. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымының даму бағдарламасының Ұлттық экономикалық баяндамасында айтылған. 

«Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы бір деңгейде болмауы, еліміздің алға жылжуын тежейтін негізгі – фактор», – дейді сарапшылар. Мамандар өз кезегінде мәселені шешудің оңтайлы жолын ұсынып отыр. Сарапшылар түйткілдің түйінін тарқату үшін ең алдымен кенже қалған 5 өңірге талдау жүргізуді ұсынды. Бүгінде бұл тізімге Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облысы кіреді. 

«Кейін аймақтардың әлеуметтік-инновациялық дамуын арттыратын салаларға басымдық беру керек», – дейді. 

Сондай-ақ «Жол картасының» негізігі тармақтарын қаржыландыруды қолға алу қажет.  

800-ден астам адам жемқорлық фактісімен жауапқа тартылды Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, кез келген саланың дамуын тежеп, артқа сүйрейтін негізгі фактор – жемқорлық мәселесі. Сондықтан озық 30 елдің қатарына кіргіміз келсе, парақорлық дертін түп тамырын жоюуымыз керек. 

Ал елімізде пара алып, темір торға тоғытылғандар көпшілікке сабақ болмаса керек. Осы ретте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі келтірген дерекке назар аударайық. Ұлттық бюро жемқорлық деңгейі жоғары өңірлердің тізімін жариялады. Бүгінге дейін елімізде 813 адам жемқорлық фактісімен жауапқа тартылған. Ал жыл басынан бері 1300-ден астам қылмыстық іс тіркелген. Оның 112-і Астанада анықталған. Тізімді Қостанай мен Түркістан облыстары жалғайды. Бұл өңірлерде 100-ден астам арыз түскен. Парақорлықтың ең төменгі деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген.

Аталған өңірде 8 айдың ішінде 52 құқықбұзушылық анықталған. Қаржыны қарпып, жауапқа тартылғандардың саны 800-ден асады. Оның 653-і ерлер, 160-сы әйелдер. Жемқорлығы үшін республикалық деңгейдегі 19, облыстық деңгейдегі 62 және аудандық деңгейдегі 115 басшы жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, Ұлттық бюро 400-ге жуық кәсіпкердің құқығын қорғаған.  

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2,5 есе өсті Сарапшылардың айтуынша, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жолын кесу үшін ең алдымен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көбейту керек. Алматы қаласы осы тәжірибені қолға алған. Бүгінде мегаполистегі қатардағы шенеуніктің еңбекақысы шамамен 2 жарым есеге көбейген. Бұған дейін бас маман қолына 80 мың теңге жалақы алса, қазір 180 мың теңгеге дейін көбейген. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы департаментінің басшысы Данияр Таумұраттың айтуынша, бұрын бір орынға небәрі 2-3 үміткер келсе, жалақы өскеннен кейін кандидаттар саны 20-ға дейін жеткен. Сондай-ақ атыраулық мемлекеттік қызметшілерге де жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. Оған сәйкес, шенеуніктерге бір айлық еңбекақы мөлшерінде 4 бонус қарастырылған. 

Егер өзіне жүктелген міндетті орындамаса, ол қызметкерге бонус төленбейді. Игерілмеген қаржы бюджетке қайтарылады. Сонымен қатар жаңа жүйе енгізілуі барысында қысқарту болмайды, тек бос жұмыс орындары қысқартылады.  

Шыны экспортының көлемі артады Биыл экспортталатын шыны көлемі артады. «Orda Glass Ltd» шыны зауыты өз өнімдерінің 60 пайызын сыртқы нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Зауыт басшыларының айтуынша, дайын өнімнің 40 проценті Қытайға, 20 пайызы ТМД елдеріне жеткізілмек. 

«Ал қалған 40 проценті ішкі нарықты қамтамасыз етуге жетеді», – дейді. 

Жобаның құны 36 млрд теңгеге бағалануда. Алдын ала болжам бойынша жылдық күші 197 мың тоннаны құрамақ.  Қазақстан қор биржасындағы күндізгі саудада ұлттық валюта әлсіреді. Таңғы сессияда бір доллар 352 теңге 9 тиын болған еді. Қазір еліміздегі ақша айырбастау орындарында бір доллар шамамен 354-355 теңге көлемінде саудаланып жатыр.

Дереккөз: 24.kz

25 қыркүйек 2018, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.