Атырау, 26 сәуір 11:04
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Данияр Ақышев банк секторындағы ахуал туралы айтып берді

1 956 просмотра


2018 жылы жүйе құраушы екі банкті – Казкоммерцбанк пен Халық банкті біріктіру күтіліп отыр. Шоғырландыру нәтижесінде Халық банкінің банк секторының активтеріндегі үлесі 19,7%-дан 33,7%-ға дейін, кредиттік портфельдегі үлесі – 20,1%-дан 30,8%-ға дейін өседі.

Бұл жайлы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заңның жобасын қарау жөніндегі ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, айтып берді. 

Ол Ұлттық Банк, жалпы алғанда банктерді капиталдандыруды ұлғайтуға және клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі қолданыстағы бизнес-процестерді жақсартуға ықпал ететін банк секторын шоғырландыру бойынша бастаманы қолдайтындығын атап өтті. Сондай-ақ Ұлттық Банк басшысы «Altyn Bank» АҚ-пен, «Эксим Банк» АҚ-пен, «Астана Банкі» АҚ-пен, «Qazaq banki» АҚ-пен қалыптасқан ахуал туралы айтып берді. 

Атап айтқанда, ол 2018 жылғы 5 сәуірде Ұлттық Банк China CITIC Bank Corporation Limited-ке(CITIC Bank) «Altyn Bank» АҚ-ты сатып алуға рұқсат бергендігін айтып берді. Бүгінгі күні мәміле аяқталды, 60% акцияларымен CITIC Bank және 40% акцияларымен Халық банкі акционерлері болып табылады. 

«ЭксимБанк, Астана Банкі, Qazaq Banki клиенттік қаражаттың жоспардан тыс ірі әкетілуіне байланысты жеткілікті өтімділік деңгейін қамтамасыз етумен қиыншылықтарды басынан кешіріп отыр. Сондықтан, үш банкте клиенттер алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындау шектеулі. Қазіргі кезде осы банктердің қызметіне қадағалау күшейтілген режимде жүзеге асырылуда», – деді Д.Ақышев. 

Ол Ұлттық Банк аталған үш банктің қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асырады және банктің менеджментімен және акционерлерімен жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды пысықтау бойынша келіссөздер жүргізіп отырғандығын атап өтті.

Дереккөз: 24.kz

26 сәуір 2018, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.