Атырау, 27 сәуір 04:26
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Навальный Орталық сайлау комиссиясын сотқа берді

2 129 просмотра


Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Ресй Жоғарғы сотына Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) өзін президенттікке кандидат қылып тіркеуден бас тартқан шешіміне шағым түсірді. Бұл туралы Навальныйдың Коррупциямен күрес қорының заңгері Иван Жданов хабарлады. Шағым 30 желтоқсанда қаралады.

ОСК 25 желтоқсанда Навальныйды «Кировлес» ісімен сотталғанына байланысты президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан. Саясаткер бұған жауап ретінде сайлауға бойкот жариялауға және қаңтар айында бүкілресейлік қарсылық акцияларын өткізуге шақырған. Бұдан соң Кремль Навальныйдың сайлауға бойкот жариялауға шақыруының Ресей заңдарына қаншалықты сай келетінін тексеру керегін мәлімдеген. Ал кеше Навальныйдың YouTube желісіндегі бойкот жариялауға және қарсылыққа шақырған видео үндеуі бұғатталған.

Ресейде президент сайлауы 2018 жылдың 18 наурызына белгіленген. Сайлауға Навальныйдан өзге тележүргізуші Ксения Собчак, бизнесмен Сергей Полонский, кәсіпкерлер құқығын қорғайтын уәкіл Борис Титов, Ресей либералдық-демократиялық партиясының (ЛДПР) жетекшісі Владимир Жириновский, «Яблоко» партиясын құрған Григорий Явлинский қазіргі президент Владимир Путин қатыспақ ниеті барын мәлімдеген.

Дереккөз: azattyq.org

29 желтоқсан 2017, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.