Атырау, 27 сәуір 07:09
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Женевада Сирияға қатысты келіссөздердің жаңа раунды басталды

2 371 просмотра

БҰҰ бас хатшысының арнайы елшісі Стаффан де Мистура
Женевада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздердің төртінші раунды басталды. Үкіметтік делегация мен оппозиция өкілдері Швейцарияға келді, - деп хабарлайды Euronews.com-ға сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, Сирия бойынша БҰҰ бас хатшысының арнайы елшісі Стаффан де Мистура келіссөздер тез арада сәтті өтеді деп ойламайтынын айтып өтті.

Айта кетейік, келіссөздерде талқыланатын басты тақырыптар - үкімет құру, конституцияны дайындау және алдағы сайлаулар. Сондай-ақ, Сирия жазушысы әрі журналист Омар Куш кездесудің қалай өтуі мүмкін екенін айтып өтті. "Меніңше, келіссөздердің осы раундында келісімге келу қиынға соғады. Себебі АҚШ өкілдерінің бұл келіссөздерге қатыспай жатқаны бірден білініп тұр. Осы мәселені шешуге атсалысудың орнына олар бақылаушылар болып қалды. Бұл келіссөздердің нәтижелілігін төмендетеді", - деді Омар Куш.

Дереккөз: Tengrinews.kz

24 ақпан 2017, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.