Атырау, 27 сәуір 00:04
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Мәжіліс терроризмге қарсы түзетулер жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

2 626 просмотра

Фото: Аzattyq.orgПарламент мәжілісі бүгін экстремизм және терроризммен күрес туралы заңдарға өзгерістер енгізу жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен айдың басында парламентке бірқатар заң жобаларын, оның ішінде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдар туралы заң жобасын қарауды тапсырған,- деп хабарлады Азаттық.

Қыркүйектің басында заң жобасын парламентте таныстырған Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Колкобаев экстремизм және терроризммен күрес шараларын күшейтуге байланысты 19 заң мен 5 кодекске өзгерістер мен түзетулер енгізілетінін хабарлаған.

Колкобаевтың айтуына қарағанда, заң жобасында "Байланыс туралы", "Күзет қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық гвардиясы туралы" және басқа да заңдарға, "Қылмыстық кодекске" өзгерістер енгізу қаралған.

Колкобаев сонымен бірге "Байланыс туралы" заңға құзырлы органдарға антитеррорлық операцияларды жүргізу кезінде байланыс қызметін уақытша тоқтатуға мүмкіндік беретін өзгеріс енгізу жоспарланып отырғанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, байланыс қызметі бас прокуратураға ескерту арқылы уақытша тоқтатылады. Сонымен қатар қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттары бар нысандарды күзететін ұйымдарға ерекше талаптар қойылып, күзет қызметіне алынатын адамдарға қойылатын талаптарды күшейту де қарастырылып отыр. Заң жобасы мақұлданса экстремизм және терроризм айыбымен сотталғандардың мүлкі тәркіленбек.

Дереккөз: Аzattyq.org

5 қазан 2016, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.