Атырау, 27 сәуір 08:09
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ерасыл Әубәкіровтың ісі сотта жабық қаралады

2 528 просмотра

Студент Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты атышулы қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотына Әжімбай Нұрбек , Шерстенев Виталий, Тихоненко Андрейнге қатысты қылмыстық іс түсті», - деп хабарлайды Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысы бойынша қылмыстық іс өндіріске қабылданды. Сот отырысы 22 тамызда сағат 15.00-де Қылмыстық-процестік кодекстің 29-бабы 1-тармағына сәйкес жабық өтеді. Бұл бап бойынша қылмыстық іске қатысушы адамдардың жеке өміріне байланысты кейбір жайттардың жалпақ жұртқа жария болмауы үшін жыныстық қарым-қатынастарға қатысты істерді жабық өткізу қарастырылады.

Айта кетейік, маусым айының соңында астаналық студент Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты іс бойынша күдікті деп танылған Аян Мейірбаев қамаудан босатылған болатын.

«ҚР ІІМ тергеу департаменті, оның ішінде тергеу тобының жетекшісі К.Дүмшебаев А.Мейірбаевқа қатысты қамауда ұстау жазасының күшін жойды. Бүгінгі күні А.Мейірбаев аталған қылмыстық іс бойынша күдікті саналады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық істі тексеру барысына қатысты басқа мәліметтер тергеу жүріп жатқандықтан жарияланбайды», - деп хабарлады құзырлы орган өкілдері.

22 маусымда үш күдікті – Тихоненко, Шерстенев және Әжімбайды қамауда ұстау мерзімі ұзартылғаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы ақпан айында Астанада Ерасыл Әубәкіров есімді студент із-түзсіз жоғалып, оны тәртіп сақшылары мен еріктілер жұмыла іздестірген болатын. Бір аптадан соң оның денесі табылды. Ерасыл Әубәкіров көз жұмардан бұрын көп соққы жеген. Оның өліміне күдікті ретінде төрт адам ұсталып, оның біреуі өскемендік кәсіпкердің баласы болып шыққан еді.

Дереккөз: BNews.kz

12 тамыз 2016, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.