Атырау, 29 қараша 11:52
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қайта жаңартылған Астрахан трассасы ақылы бола ма?

2 167 просмотра

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «ҚазАвтоЖол» АҚ Атырау филиалының директоры Жантас ШАРИПОВТЫҢ қатысуымен брифинг өтті.

Оның айтуынша, Атырау облысындағы республикалық мәндегі және жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарын жөндеуге былтыр республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді, соның ішінде Орал – Атырау трассасына орташа жөндеу жасауға 186 млн теңге, Атырау – Астрахан трассасының кей учаскелеріне (Құрманғазы шекара бекеті маңында) күрделі жөндеу және қосымша жолақтар салуға 332 млн, Ақтөбе – Атырау – Астрахан жолының жобалық-зерттеу жұмыстарына 377 млн теңге жұмсалды.

2016 жылы 2 млрд 667 млн теңгені игеру жоспарлануда.

132 шақырымға созылатын «Ақтөбе – Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы» республикалық мәндегі автожолын қайта жаңарту бойынша жобалық-зерттеу жұмыстары 2015 жылдың басынан бері тез қарқынмен жүргізіліп келеді. Қайта жаңалау жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталады. Мұнда асфальттық жабындының ені бір метрге кеңейтіліп, тоғыз метрге жетеді. Жолдың жалпы ені үш метрге ұзартылып, 15 метрді құрайды. барлық жасанды құрылғылар – 90 су өткізу құбыры және 25 жол өткелі – бұзылып, кері салынады. Жол бойындағы елді мекендер тұсына автопавильондар, мал өтетін жерлер белгіленеді. Әр 20 шақырым сайын эстакадалар мен санитарлық-гигиеналық бекеттермен жабдықталған автотұрақтар салынады.

- Бұл жұмыстардың барлығын 2019-20 жылдарға дейін бітіру жоспарлануда. Сол кезде Ганюшкино, Аққыстау, Мақат, Қызылқоға аудандары облыс орталығымен қосылады, ал Атыраудан, өз кезегінде, көрші облыстар мен Ресейге жақсы жабдықталған автомагистралдар тартылатын болады, - деді Шарипов.

Жобаны жүзеге асыру кезінде және оны аяқтағаннан кейін жаңа жұмыс орындары ашылады. Қанша екенін нақты айта алмады. 200 шақырым жолды қайта жаңалаған Маңғыстау облысының тәжірибесіне жүгінсек, онда 1 200 адам жұмыс жасаған екен, бұдан бізде 2 500-дей адам тартылады деп болжауға болады. Жол құрылысы аяқталғаннан кейін де жол бойында қосымша қызмет көрсету сервистері (ЖЖБ, КЖО, қонақ үйлер, асханалар) пайда болады деп күтілуде.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген Шарипов жол салуда жаңа технологиялар қолданылатынын атап өтті. Атап айтсақ, Астраханға дейінгі жаңа жолдың үстіңгі қабаты шебін-мастикалық асфальтбетонмен жабылады. Қазақстанда бұл соңғы бес жылдан бері қолданылып жүр, ал Атырауда алғаш рет жасалады. Ал негізгі жолдар бұрынғыдай толық шебіннен құйылмайды, Nicoflok полимер топырақты қоспа және басқа да жаңа материалдар пайдаланылады. Осының арқасында қабаттардың қалыңдығы азайтылып, ресуртар үнемделіп, мықтылығы арттырылады.

Сонымен қатар, ҚазАвтоЖолдың директорының айтуынша, 2020 жылға қарай жеті мың шақырымға жуық республикалық мәндегі жолдарды ақылы ету жоспарлануда. Алайда «Ақтөбе – Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы» трассасы ақылы болады деп болжам жасауға әлі ерте. Тек жүк көліктеріне ғана төлем төлетуі мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор
10 ақпан 2016, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.