Атырау, 27 сәуір 05:34
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Жедел жәрдем қызметкерлері жалақының аздығына наразы

2 806 просмотра

Атырау жедел медициналық жәрдем станциясының он шақты қызметкері жалақының төмендігіне және ковидтік үстемелердің жоқтығына наразылығын білдіру үшін «жедел жәрдем» ғимаратының алдына жиналды.

Фельдшер Бағдагүл АХМЕТОВА жалақысының азық-түлікке де, несие төлеуге де жетпейтініне шағымданды.

– Барлық медицина қызметкерлері өтемақы мен сыйақы алды. Біз де алғы шепте жұмыс істеп жүрміз. Қай жеріміз кем? – деп сұрайды ол. Ахметованың айтуынша, ақпан айында ол қолына 69 мың теңге алған.

«Жедел жәрдем» жүргізушісі Қайрат БАЛАҚҰЛОВТЫҢ айтуынша, 2019 жылдан бастап дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің еңбекақысын өсіре бастады. Бірақ жүргізушілердің жалақысы өзгерген жоқ.

- Біз де пандемия жағдайында жұмыс істеп, басымызды қатерге тігіп жүрміз. Жүргізушілер – жедел жәрдем бригадасының ажырамас бір бөлігі, - дейді Балақұлов.

Жиналғандар сондай-ақ еңбек жағдайына да шағымданды – олардың айтуынша, жұмыста киім ауыстыратын орын жоқ, берілген планшеттер істен шыққан, сондықтан жеке смартфондарды пайдалануға тура келеді, ал бұл мобильді желіге қосымша жүктеме.

Қарауындағы қызметкерлерге жедел жәрдем станциясының директоры Бауыржан ТӨЛЕГЕН шықты. Ол өткен жылы қызметкерлердің жалақысы қате есептеліп, жалақы екі есе көп аударылғанын, нәтижесінде медициналық мекемеге 14 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынғанын хабарлады.

- Фельдшерлер ІІ санатқа, жүргізушілер - І санаттағы қызметкерлерге жатады. Фельдшерлер толық 442 мың теңге, ал жүргізушілер 212 мың теңге төлеуді талап етеді. Ал егер кезекшілік кезінде КВИ бойынша шақырту келіп түссе, онда үстемақы төленеді,  егер КВИ-ге қатысты болмаса, онда төленбейтінін түсіну керек. Пандемиямен күресу үшін өтемақы бізге тиесілі емес, себебі біздің қызметкерлер коронавируспен ауыратын науқаспен тікелей байланыспайды және емдемейді, - деген дәлел айтты басшы. Бірақ ақ халаттылар сонда да шағымды еңбек инспекциясына жіберу керек деп шешті – жауабы 10 күн ішінде келу керек. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

15 сәуір 2021, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.