Атырау, 26 сәуір 17:03
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жалған нөмірлермен көлік басқарған астаналық 4 миллион теңгеге ереже бұзған

2 786 просмотра

Жүргізуші куәлігі жоқ Нұр-Сұлтан тұрғыны жалған нөмірлермен 4 миллион теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жалған мемлекеттік нөмірлермен автокөлік басқарған Mercedes жүргізушісі ұсталды.

"Ер адам автокөлікті жүргізуші куәлігінсіз айдап, 4 миллион теңгеден астам сомаға жол-көлік ережесін бұзған. Жүргізуші барлық бұзған ережесі туралы сол жерде хабарланды. Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, 83 340 теңге 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Сондай-ақ, 27 жастағы жүргізушіге қатысты талаптарға сәйкес келмейтін нөмір белгілері бар автокөлікті басқарғаны үшін ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешім қабылдану үшін материал Нұр-Сұлтан мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

19 қыркүйек 2020, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.