29 шілдеде Амандосов - Берғалиев көшелерінің қиылысында (айналма жол маңында) жолды жөндеуге байланысты көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Енді жұмыс күндері қарбалас кезде жүргізушілер Элеватор мен С.Датов көшесі жақта ұзын-сонар кептелісте ұзақ уақыт тұрады.
Сол жерде Атырау ҚПБ жол-патрульдік қызметкерлері көлік қозғалысын реттеп тұр. Алайда, көліктің, соның ішінде жүк көлігінің көптігінен ұзын-сонар кептеліс түзілген.
- Жөндеу жұмыстары 11 тамызда аяқталуы тиіс, жұмыстар біткен бойда жолды ашамыз, - дейді Атырау қаласы әкімнің орынбасары Ринат ЖАНҒЫЛЫШОВ. – Қазір мердігер компания 3 ауысыммен жұмыс істеп жатыр, сондықтан осы уақытқа үлгеруі тиіс.
Фархат ӘБІЛОВ
Бейнежазбаны түсірген автор