Атырау, 27 сәуір 08:26
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

SCAT, Air Astana, Fly Arystan ұшпаған рейстер үшін жолаушыларға ақшасын қайтарады

2 486 просмотра

Сауда және интеграция министрлігі SCAT, Air Astana, Fly Arystan әуекомпаниялары клиенттерге елдегі төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстері үшін ақшасын қайтаратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Bek Air-дан бөлек, SCAT, Air Astana, Fly Arystan әуекомпанияларымен төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстердің ақшасын қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда комитет ұшақ билетінің ақшасы қайтарылмаған адамдардың тізімін жасап жатыр", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, елдегі төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстері үшін ақшасын қайтара алмаған қазақстандықтар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласуы керек. Тұрғында билетті сатып алғанын растайтын құжат, жеке куәлік, авиабилет болуы керек.

Өтініштерді қабылдау электронды үкімет порталы арқылы жүргізіледі. Пошта мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі 2 подъезд. Сондай-ақ, Telegram-ботқа жазуға болады.

29 шілде 2020, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.