Атырау, 26 сәуір 15:11
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Карантинге қарамастан атыраулықтар той-садақа өткізуді жалғастыруда

3 539 просмотра

11 шілдеден бастап құрамында әкімдік, санитариялық- эпидемиологиялық және полиция өкілдері бар бақылау тобы карантин режимін бұзған 388 дерек анықтады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы мерзім ішінде облыста салынған тыйымдарға қарамастан, үйлеріне адам жинап, жиын-той, садақа өткізген 19 отбасы анықталды. 

Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз өсіру деректерін анықтау мақсатында, мобильді топ 50-ден астам дәріхананы тексерді. Тексеру барысында қаладағы Вокзал маңы 3 мөлтек ауданындағы, Баймұханов көшесіндегі ғимараттардың біріндегі және Құрманғазы ауылындағы дəріхалардың бірінде дəріні көтерме бағамен сату деректері анықталды.

Сонымен қатар, тексеру кезінде белгіленген шектеулерді орындамаған бірнеше дүкен анықталды. Мысалы, СМП-163 ықшамауданындағы азық-түлік дүкені сағат 21.30 шамасында жұмыс жасап тұрған.

Облыс орталығы Атырау қаласында карантиндік шектеулерді орындамаған 450 дерек тіркелді.

Тәртіп сақшылары Атырау облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 17 шілдедегі №57 Қаулысына сай, Атырау облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуын азайту бойынша қатаң карантиндік шаралар 19 шілде сағат 00-ден бастап, 3 тамыз сағат 00-ге дейін ұзартылғанын ескертеді.

20 шілде 2020, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.