Құрманғазы ауданындағы жолдар

1 018 рет қаралды

Атырау облысындағы 57 мың халқы бар Құрманғазы ауданында көлік жүретін дені дұрыс жол жоқ. Бары көліктерді «соқтығыстыруға» арналғандай.

Соңғы жылдары осы мәселені шешуге бюджеттен қаржы бөлініп, шетелдік банктерден қарыз алынды. Мәселен, Атырау-Астрахань трассасы республикалық бюджет (23 млрд теңге)  және Еуропалық қайта құру және даму банкінен доллармен 260 миллион қарыз ақша есебінен қайта жаңартылуда.

Елді мекендер арасындағы жолдардың да жағдайы мәз емес. 2018 жылы облыстық маңызы бар «Құрманғазы-Приморье-Утеры-Котяевка»  жолының күрделі жөндеуіне 4,3 млрд теңге бөлінді. Мердігері «БекетСәтЖол» ЖШС. Аудандық әкімдіктің хабарлауынша, қазір 3 млрд-тан астам қаржысы игерілген, жұмыстарды жылдың аяғында тапсыру жоспарланып отыр. Ал қазір ауа-райының ерекшеліктеріне байланысты жұмыс тоқтап тұр – биыл ауданға су мол келген еді.

Мемлекеттік сатып алу порталында биылғы жылы Құрманғазы ауданындағы жалпы ұзындығы 301 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 180 млн теңге бөлінге бөлінгені анық көрсетілген. Атап айтқанда бұл «17 разъезд-Үштаған-Асан-Азғыр-Балқұдық-Сүйіндік» жолдары және «Құрманғазы ауданына кірме жол». Мердігері де сол «БекетСәтЖол» ЖШС.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

16 шілде, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.