Атырау, 27 сәуір 05:47
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қола алқа мен 150 мың иеленді

3 643 просмотра

Атыраулық Серік Кенжеев (суретте) ҚР шахмат федерациясы ұйымдастырған «Uyde bol cup» он-лайн турнирінде 3-ші орынға ие болды. Оған 2200 ұпайға дейінгі рейтингі бар 1230 шахматшы қатысты. Бұл жерде басқа жас атыраулық талант, халықаралық ФИДЕ шебері Жәнібек Амановтың неге қатыспағаны түсінікті болды. Себебі оның рейтингі 2430 балл.

- Әр жүрісті ойлануға 3 минут берілді. Швейцариялық жүйе бойынша 15 тур ойнады. Атырау облысынан 7 және одан жоғары жастағы 30 шахматшы қатысты,- дейді облыстық шахмат федерациясының вице-президенті Сабырбай Ғайсин. - Серік Кенжеев - өте дарынды жігіт, құрамы жағынан мықты турнирдің жеңімпазы болуы әбден мүмкін еді. Менің ойымша, оған турнирлік күрестің практикалық тәжірибесі жеткіліксіз болған секілді.

Дегенмен, Кенжеев жүлде қорынан (2,3 млн теңге) өзіне тиесілі 150 мың теңгені ұтып алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 мамыр 2020, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.