Атырау, 26 сәуір 23:04
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Экс-әкімнің ісі: Тағы да сол айыптаулар

4 626 просмотра


18 қазанда Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстың экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ пен тағы 8 фигурантқа қатысты негізгі сот отырысы басталды.

- Айыпталушылар хабардар етілді, алайда олар Қазақстанда жоқ болғандықтан және сотқа келуден бас тартқандықтан, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 335-бабы 2-тармағы 2-тармақшасының талабына сәйкес, сот істі сырттай қарауға болады деп есептейді, - деп тағы бір рет еске салды судья Тыныштық НҰРЫМОВА.

Содан кейін прокурор Досбол БАҒЫТЖАНОВ көптеген парақтардан тұратын айыптау қорытындысын оқи бастады, оны оқу ертең де жалғасатын шығар. Бірнеше үзінді келтірсек.

 «...Атырау облысының әкімі қызметін атқара отырып, Бергей Рысқалиев мемлекеттік қызметке қарсы, мемлекеттік басқаруға қарсы, меншікке қарсы, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады».

...Б. Рысқалиев қылмыстық жоспарын ойдағыдай іске асыру үшін қылмыстық әрекетіне Атырау облыстық әкімдігінің лауазымды тұлғалары қатарынан белгілі бір адамдар тобын және онымен қызметтік қатынаста байланысы жоқ, берілген нұсқауларды анық және бұлжытпай орындай алатын заңды тұлғаларды тарту қажет екенін түйсінді».

Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрылған уақыты 2006 жылдың қазан айы деп аталды.

Айыптауларға сәйкес, Рысқалиев қылмыстық қауымдастықты бірнеше қылмыстық топқа бөлген. Әрі қарай оған басшылық етуді інісі Амажан Рысқалиға, күйеу баласы Әлбақасовқа, өз орынбасары Болат Дәукеновке және Ақтөбе қаласының тұрғыны Павличенкоға жүктеген. Ақшалай қаржы Атырау қаласы мен Атырау облысындағы әлеуметтік маңызды объектілерді газдендіру, электр қуатын жүргізу, сумен қамту, тұрғын үйлер, көпір өткелдерін, кәріздік-тазарту құрылғыларын және басқа объектілерді салу кезінде жымқырылған. Мемлекетке тигізілген жалпы зиянды айыптау тарапы 72 миллиард теңгеден астам көлемде бағалап отыр.

Естеріңізге салсақ, сотталушы 9 адам - Бергей Рысқалиев, Аманжан РЫСҚАЛИ, Рүстем ӘЛБАҚАСОВ, Марат ЖЕЛДІБАЕВ, Ерболат ІЗБАСАР, Нұрлан ЖОЛМАҒАМБЕТОВ,  Айбат СҮЛЕЙМЕНОВ, Артем ДАНЕВИЧ пен Бауыржан ТЕМІРАЛИН. ҚК-тің ескі редакциясындағы айыптау баптары: 176 («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету»), 177 («Алаяқ»), 192 («Жалған кәсіпкерлік»), 193 («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлiктi заңдастыру»), 235 («Ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу»), 307 («Қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану»), 311 («Пара алу»), 325 («Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу»).  

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

19 қазан 2018, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.