Атырау, 20 мамыр 01:14
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Әлемде

Киевте "112 Украина" арнасының ғимаратын атқылаған Әлемде

Киевте "112 Украина" арнасының ғимаратын атқылаған

Шілденің 13-іне қараған түні Киевте белгісіз біреулер "112 Украина" арнасының редакциясы орналасқан ғимаратты граната атқышпен атқылаған. Полицияның хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында граната атқыштың бөлшектері табылған. Шабуыл террористік әрекет ретінде зерттеліп жатыр. 14 шілде 2019, 11:03 1 811 просмотра
Қытай Солтүстік Кореяға араша түсті Әлемде

Қытай Солтүстік Кореяға араша түсті

Қытай Солтүстік Кореяға болысты. Қытай басшысы АҚШ-ты Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды жеңілдетуге шақырған. Қытай Сыртқы істер министрлігінің кешегі мәлімдемесінде, Осакада өткен «Үлкен жиырмалық» саммитінде Қытай басшысы Ши Жинпиң Бейжіңнің Корей түбегі мәселесіне қатысты ұстанымдарын АҚШ президенті Дональд Трампқа толықтай таныстырғанын растады.  14 шілде 2019, 10:59 2 701 просмотра
Макрон: Франция қыркүйек айында ғарыш қарулы күштерін құрмақ Әлемде

Макрон: Франция қыркүйек айында ғарыш қарулы күштерін құрмақ

Франция елдің әскери-әуе қорғаныс саласына қарайтын ғарыш қарулы күштері қолбасшылығын құрмақ. Бұл ақпаратты 13 шілдеде ел президенті Эммануэль Макрон хабарлады. Елде ұлттық мереке ретінде тойланатын Бастилияны азат ету күні қарсаңында президент осындай мәлімдеме жасады. 14 шілде 2019, 10:55 1 879 просмотра
37 ел Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын қолдады, арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар Әлемде

37 ел Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын қолдады, арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар

37 елдің өкілі БҰҰ-на бірігіп хат жазып, Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын қолдайтынын мәлімдеген. Хатқа қол қойғандар арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар. Бұл ақпаратты 12 шілдеде хаттың көшірмесін көрген Reuters агенттігі хабарлады. Дәл осының алдында 22 елдің елшілері БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесіне хат жолдап, Қытайдың аз ұлттарға оның ішінде ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге этникалық топтарға жасап отырғанын қысымын айыптаған еді. 13 шілде 2019, 14:58 2 588 просмотра
Түркияға ресейлік С-400 ракета кешенінің алғашқы партиясы жеткізілді Әлемде

Түркияға ресейлік С-400 ракета кешенінің алғашқы партиясы жеткізілді

12 шілдеде Түркия қорғаныс министрлігі елге Ресейден С-400 зениттік-ракеткалық кешенінің алғашқы партиясы жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл әскери техниканы Түркияға жеткізу алдағы күндері жалғасады. 13 шілде 2019, 11:05 2 140 просмотра
Ким Чен Ын ресми түрде Солтүстік Корея басшысына айналды Әлемде

Ким Чен Ын ресми түрде Солтүстік Корея басшысына айналды

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ел конституциясына түзетулер енгізілгеннен кейін ресми түрде мемлекет басшысына айналды деп хабарлайды Reuters агенттігі. Бұған дейін жоғарғы халық ассамблеясы президиумының төрағасы ел басшысы ретінде саналып келген. Ал Ким Чен Ын елдің қорғаныс күштеріне жауапты "жоғарғы жетекші" болған . 13 шілде 2019, 11:02 2 485 просмотра
2050 жылға барғанда кейбір ірі қалаларда адам өмір сүруі қиындай түспек Әлемде

2050 жылға барғанда кейбір ірі қалаларда адам өмір сүруі қиындай түспек

Жер климатының жылынуы туралы зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2050 жылдарға қарай әлемдегі ірі қалалардың бестен бірі аса ауыр климаттық қиыншылыққа тап болады. Бұл туралы The Times басылымы хабарлады.  12 шілде 2019, 15:14 2 257 просмотра
​20-дан астам ел Қытай үкіметінен Шынжаңға тәуелсіз бақылаушылар кіргізуді талап етті Әлемде

​20-дан астам ел Қытай үкіметінен Шынжаңға тәуелсіз бақылаушылар кіргізуді талап етті

Біріккен ұлттар ұйымының Адам құқығы жөніндегі кеңесі Қытай үкіметіне Шынжаңдағы мұсылман азшылықтарға жасалған мәмілені айыптап хат жолдаған. Алайда, Бейжің бұған «ашумен» жауап қайтарған.  12 шілде 2019, 10:49 2 138 просмотра
АҚШ-Иран қайшылығы: Еуропа екі оттың ортасында қалды  Әлемде

АҚШ-Иран қайшылығы: Еуропа екі оттың ортасында қалды

Еуропа елдері АҚШ санкцияларының салмағын жеңілдетуге көмектеспесе, Иран атом бағдарламасын үшінші деңгейге жеткізеді. Иран Еуропаға 60 күн уақыт берді, осы уақыт ішінде ішінде экономикалық жәрдем берілмесе  Иран қажетті шара қолданбақ.  12 шілде 2019, 10:45 2 346 просмотра
Путин мен Зеленский алғаш рет телефон арқылы сөйлесті Әлемде

Путин мен Зеленский алғаш рет телефон арқылы сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары Украинанның шығысындағы жағдай және тұтқындар алмасу жайын талқылады. 12 шілде 2019, 09:26 2 217 просмотра
​Иран британдық танкердің жолын кес-кестегені үшін айыпталды Әлемде

​Иран британдық танкердің жолын кес-кестегені үшін айыпталды

Ормуз бұғазындағы британдық танкерді тоқтатпақ болғаны үшін Ұлыбритания Иранды айыптап отыр. Британ үкіметі мәліметінше, ирандық бірнеше катер кеменің жолына бөгет болған.  11 шілде 2019, 15:58 2 146 просмотра
OPCW химиялық шабуыл жасағандарды анықтайтын топ құрды Әлемде

OPCW химиялық шабуыл жасағандарды анықтайтын топ құрды

Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым (Organisation for the Prohibition of Chemical Weapons - OPCW) химиялық шабуыл мен оларға қатысы бар адамдарды анықтайтын арнайы команда құрды. Бұл туралы 9 шілдеде ұйымның бас директоры Фернандо Ариас хабарлады.   11 шілде 2019, 11:46 2 512 просмотра
Иран бас қолбасшысы: Бізге жасалған кез-келген шабуыл жауапсыз қалмайды Әлемде

Иран бас қолбасшысы: Бізге жасалған кез-келген шабуыл жауапсыз қалмайды

Иран Қарулы күштері Бас штаб қолбасшысы Мұхаммад Бакери біратар аймақтағы әскери қосындарды әуе, теңіз күштерін аралап көрді және сапарынан кейін Иран әскери күштері қатерге төтеп беруге дайын деген мәлімдеме жасады. 11 шілде 2019, 10:25 2 921 просмотра
Беларусь Ресейге қарызын қайтару үшін Қытайдан несие алмақ Әлемде

Беларусь Ресейге қарызын қайтару үшін Қытайдан несие алмақ

Беларусь Ресейге қарызын қайтару үшін Қытайдан 600 миллион доллар несие алу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Беларусь қаржы министрлінің орынбасары Андрей Белковец мәлімдеді. Белковецтің сөзінше, келіссөз аяқталуға жақын қалған.   10 шілде 2019, 17:32 2 446 просмотра
АҚШ соты Трампқа Twitter-дегі оппоненттерін бұғаттауға тыйым салды Әлемде

АҚШ соты Трампқа Twitter-дегі оппоненттерін бұғаттауға тыйым салды

Нью-Йорктің апелляциялық соты АҚШ президенті Дональд Трампқа Twitter-дегі жеке парақшасына қолданушылардың қолжетімдігін шектеуге тыйым салды. Нью-Йорк округтік соты бірінші инстанцияда осыған ұқсас шешім шығарған еді. 10 шілде 2019, 14:38 2 131 просмотра
БАҚ: Boeing ең ірі ұшақ шығарушы мәртебесінен айрылып қалуы мүмкін Әлемде

БАҚ: Boeing ең ірі ұшақ шығарушы мәртебесінен айрылып қалуы мүмкін

Америкалық Boeing корпорациясы азаматтық авиациядағы ең ірі ұшақ өндіруші атағынан айрылып, еуропалық бәсекелесі Airbus-тың басып озуына жол беруі мүмкін. Бұл ақпаратты америкалық БАҚ 9 шілдеде хабарлады. 10 шілде 2019, 14:09 2 358 просмотра
Трамп: Жоғары тарифтерден біз пайда тауып отырмыз, Қытай қиын жағдайда Әлемде

Трамп: Жоғары тарифтерден біз пайда тауып отырмыз, Қытай қиын жағдайда

АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде Қытай тауарларына салған жоғары тарифтерден Құрама Штаттардың пайда тауып отырғанын айтты. Сондай-ақ, осы аптада АҚШ сауда өкілі мен қаржы министрі Қытай келіссөз делегациясымен кездесетінін жеткізді. 10 шілде 2019, 14:01 2 250 просмотра
​Сауд Арабиясы ханшайымы сантехникке зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды Әлемде

​Сауд Арабиясы ханшайымы сантехникке зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды

Сауд Арабиясында мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның әпкесі Хасса бинт Салман сантехникке зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.  10 шілде 2019, 09:25 2 875 просмотра
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тергеуге келмеді Әлемде

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тергеуге келмеді

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев тергеуге барудан бас тартты. Ол өзін тергеуге шақыруды "заңсыз" деп атады. Бұл туралы 9 шілдеде Азаттықтың Қырғыз қызметіне Атамбаевтың адовкаты Сергей Слесарев хабарлады.   9 шілде 2019, 16:45 2 958 просмотра