Атырау, 19 мамыр 23:56
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ким Чен Ын ресми түрде Солтүстік Корея басшысына айналды

2 483 просмотра


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ел конституциясына түзетулер енгізілгеннен кейін ресми түрде мемлекет басшысына айналды деп хабарлайды Reuters агенттігі. Бұған дейін жоғарғы халық ассамблеясы президиумының төрағасы ел басшысы ретінде саналып келген. Ал Ким Чен Ын елдің қорғаныс күштеріне жауапты "жоғарғы жетекші" болған .

Reuters-тің жазуынша, Ким Чен Ын көптен бері мемлекет басшысы болуға ұмтылған, елдің саяси бағытын экономика мен халықаралық келіссөздерге бұрып, қарулану саясатына басымдық бермеуге тырысқан. Агенттік бұл өзгерістерді Солтүстік Кореяның АҚШ-пен жасайын деп отырған бейбіт келісіміне дайындық деп санайды.

Маусым айының соңында Солтүстік Корея соңғы екі жылда алғаш рет Оңтүстік Корея және АҚШ-пен келіссөз жүргізген. Дональд Трамп Солтүстік Корея аумағына аяқ басқан алғашқы АҚШ президенті болды.

Дереккөз: azattyq.org

13 шілде 2019, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.