Атырау, 9 мамыр 00:36
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Әлемде

Гүлнара Кәрімованың қызы Өзбекстан билігіне ескерту жасады Әлемде

Гүлнара Кәрімованың қызы Өзбекстан билігіне ескерту жасады

Гүлнара Кәрімованың қызы Иман Кәрімова Өзбекстан билігіне ескерту жасады. Қыркүйек айының 16-ы күні Ташкент қаласында Гүлнара Кәрімованың жабық соты болды. Осыдан кейін оның қызы Иман Кәрімова ел президенті Шавкат Мирзиеев пен үкімет мүшелеріне ескерту жасады.  18 қыркүйек 2019, 10:39 3 036 просмотра
Еуропарламент Ұлыбритания болашағына алаңдаулы Әлемде

Еуропарламент Ұлыбритания болашағына алаңдаулы

Еуропарламент өкілдері Brexit келісімі бойынша арнайы жиын өткізіп, Ұлыбританияның одақ құрамынан шыққаннан кейінгі жоспарларын талқыламақ. Еуродепутаттар Британия болашағына: экономикалық жағдай, Солтүстік Ирландиямен кедендік мәселе, халық толқулары және үкіметтегі саяси қиындықтарға алаңдаушылық білдіріп отыр.  18 қыркүйек 2019, 10:36 2 848 просмотра
Порошенконың басты активі бұғатталды Әлемде

Порошенконың басты активі бұғатталды

Киев аудандық соты Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың активтеріне кіретін «Рыбальскийдегі Кузница» зауытының мүлкі мен корпоративтік құқықтарына тыйым салды. Бұл туралы Виктор Януковичтің президенттік кезінде оның әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын атқарған заңгер Андрей Портнов хабарлады.  18 қыркүйек 2019, 10:01 2 198 просмотра
Шекарадағы жанжалға байланысты Тәжікстан мен Қырғызстан бір-біріне нота жолдады Әлемде

Шекарадағы жанжалға байланысты Тәжікстан мен Қырғызстан бір-біріне нота жолдады

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалға байланысты Қырғызстанға қарсылық нотасын жолдады. 16 қыркүйекте екі ел арасындағы шекара аумағында болған жанжалдан төрт адам қаза тапқан еді. 18 қыркүйек 2019, 09:39 2 692 просмотра
Ауғанстанда жиын кезіндегі жарылыстан ондаған адам қаза болды Әлемде

Ауғанстанда жиын кезіндегі жарылыстан ондаған адам қаза болды

17 қыркүйекте Ауғанстанның Парван уәлаятының әкімшілік орталығы Чарикар қаласында жарылыс болды. Ел президенті Ашраф Ғанидың қатысуымен сайлауалды шара өтіп жатқан жердің қасында болған жарылыс салдарынан кемінде 24 адам қаза тауып, 31 адам жараланған. Бұл туралы ауған ресмилері хабарлады. Жергілікті шенеуніктің сөзінше, жанкешті өзін жарып жіберген. 17 қыркүйек 2019, 17:02 1 921 просмотра
Британ премьері Брекзитті кейінге қалдыруды сұрамайтынын айтты Әлемде

Британ премьері Брекзитті кейінге қалдыруды сұрамайтынын айтты

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Еуропа одағынан Брекзитті (Еуроодақтан шығу мерзімі – ред.) 31 қазаннан кейінгі уақытқа қалдыруды сұрамайды. Бұл туралы Джонсон Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкермен Брюссельде кездескеннен кейін оның қорытындысы жайлы британ премьері кеңсесі таратқан мәлімдемеде айтылған. 17 қыркүйек 2019, 12:25 1 846 просмотра
Мәскеу полициясы тіркелмеген ұйымның ондаған белсендісін ұстаған Әлемде

Мәскеу полициясы тіркелмеген ұйымның ондаған белсендісін ұстаған

16 қыркүйекте кешке Мәскеу полициясы тіркелмеген "Другая Россия" партиясының 29 белсендісін ұстаған. Бұл туралы ақпаратты ұйым әлеуметтік желілерде парақшаларында жариялады деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. 17 қыркүйек 2019, 11:52 1 931 просмотра
Өзбекстан ас пен тойға шектеулер қойған заң жобасын бекітті  Әлемде

Өзбекстан ас пен тойға шектеулер қойған заң жобасын бекітті

Өзбекстан парламенті үйлену тойын, мерекелік шаралар және жерлеу рәсімдерін ретке келтіретін заң жобасын бекітті. Бұл заң жобасында ас пен тойда шақырылатын адам санына, өткізілген және ас пен той үшін кредит алуға шектеу қойылған. 17 қыркүйек 2019, 10:00 4 204 просмотра
Ауғанстанда АҚШ сарбазы қаза тапты Әлемде

Ауғанстанда АҚШ сарбазы қаза тапты

Ауғанстанда 16 қыркүйекте шайқас кезінде АҚШ әскериі қаза тапқан. Бұл туралы НАТО-ның "Батыл қолдау" миссиясы баспасөз қызметі хабарлаған. Алайда америкалық сарбаздың қандай шайқаста қаза тапқаны туралы әзірге басқа ақпарат жоқ. 17 қыркүйек 2019, 09:43 2 299 просмотра
Ресейде "Центр-2019" әскери жаттығуы басталды Әлемде

Ресейде "Центр-2019" әскери жаттығуы басталды

16 қыркүйекте Ресейде жыл сайын өткізілетін "Центр-2019" стратегиялық командалық-штабтық әскери жаттығу басталды. 21 қыркүйекке дейін жалғасатын жаттығуға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Пәкістан мен Үндістан әскерилері де қатысады. 16 қыркүйек 2019, 16:23 2 500 просмотра
Сауд Арабиясына жасалған шабуыл әлем нарығына кері әсер ете ме? Әлемде

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл әлем нарығына кері әсер ете ме?

Сауд Арабиясының мұнай компаниясына жасалған шабуыл әлемдегі мұнай бағасының көтерілуіне себеп болған. Сенбіде Йеменнің хусит күштері Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясының нысандарына шабуыл жасады.  16 қыркүйек 2019, 14:43 2 315 просмотра
Иран, Ресей, Түркия басшылары бас қоспақ  Әлемде

Иран, Ресей, Түркия басшылары бас қоспақ

Сүриядағы жағдайды тұрақтандыруға арналған Астана процесінің кепіл-мемлекет көшбасшылары бүгін Анкарада бас қоспақ. Бесінші кездесуге Иран президенті Хасан Рухани, Ресей президенті Владимир Путин қатысады.  16 қыркүйек 2019, 14:24 2 283 просмотра
Улан-Удэдегі шеруде қала мэрі сайлауын қайта өткізуді талап етті Әлемде

Улан-Удэдегі шеруде қала мэрі сайлауын қайта өткізуді талап етті

Ресей құрамындағы Буратия республикасының астанасы Улан-Удэ қаласында жексенбі күні әділ сайлау үшін және полиция өктемдігіне қарсылық акциясына мыңға жуық адам қатысты деп хабарлайды шарада болған "Новая газеті" басылымының тілшісі. Бұл акцияны өткізуге жергілікті билік рұқсат берген. 16 қыркүйек 2019, 10:41 2 290 просмотра
Иран: Сауд Арабиясындағы мұнай зауыттарына жасалған шабуылға еш қатысымыз жоқ Әлемде

Иран: Сауд Арабиясындағы мұнай зауыттарына жасалған шабуылға еш қатысымыз жоқ

Сауд Арабиясының 2 мұнай зауытына жасалған шабуылға еш қатысымыз жоқ. Иран сыртқы істер министрінің ресми өкілі Аббас Мусави АҚШ тарапының таққан айыптауларына осылай деп жауап қатты. Оның пікірінше, Ақ үй Тегеранға жалған әрі дипломатиялық тұрғыда негізсіз жала жауып отыр.  16 қыркүйек 2019, 10:32 2 186 просмотра
Иран АҚШ әскери базаларын бомбалауға дайын Әлемде

Иран АҚШ әскери базаларын бомбалауға дайын

Иран АҚШ әскери базаларын бомбалауға дайын. Иран Ислам революциясын қорғау корпусының әуе-ғарыш күштерінің басшысы Әмір Әли Хаджизаде Теһран АҚШ әскери базаларын бомбалауға дайын екендігін мәлімдеді. 16 қыркүйек 2019, 09:45 2 450 просмотра
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы даулы құрылыс мәселесін талқылап жатыр Әлемде

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы даулы құрылыс мәселесін талқылап жатыр

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы даулы құрылыс мәселесін талқылап жатыр. Бұған дейін қырғыз-тәжік шекарасындағы айқындалмаған аумақта тәжік тарабы құрылыс жұмыстарын жүргізіп, шекара маңы тұрғындарының бірнеше рет жанжалдасып қалғаны хабарланған. 15 қыркүйек 2019, 14:10 2 695 просмотра
Сауд Арабиясы мұнай өндіруді жартылай қысқартты Әлемде

Сауд Арабиясы мұнай өндіруді жартылай қысқартты

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео "саудиялық мұнай зауыттарына жасалған дрон шабуылын" Ираннан көрді. "Тегеран әлемдік мұнай тасымалдау саласына бұрын-соңды болмаған соққы жасады" деп мәлімдеді Помпео. 15 қыркүйек 2019, 10:34 2 717 просмотра
Ақ үй: Арнайы әскери операция кезінде Усама бен Ладеннің ұлы оққа ұшты Әлемде

Ақ үй: Арнайы әскери операция кезінде Усама бен Ладеннің ұлы оққа ұшты

"Әл-Қаида” террористік ұйымының негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладенді арнайы операция кезінде атып өлтірген деп хабарлады сенбі, 14 қыркүйекте Ақ үй. 15 қыркүйек 2019, 09:22 2 355 просмотра
АҚШ Солтүстік Кореядағы хакерлер тобына санкция салды Әлемде

АҚШ Солтүстік Кореядағы хакерлер тобына санкция салды

АҚШ-тың қаржы министрлігі солтүстіккореялық хакерлер тобына жаңа санкция салды. Министрлік таратқан хабарламада санкцияның Пхеньян мүддесіне жұмыс істеп, кибершабуыл ұйымдастырған топқа бағытталғаны жазылған. 14 қыркүйек 2019, 10:18 2 178 просмотра