Атырау, 5 мамыр 03:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Әлемде

Ғалым он жылдан кейін Ресей халқының үштен бір бөлігі еңбекке жарамсыз болатынын айтты Әлемде

Ғалым он жылдан кейін Ресей халқының үштен бір бөлігі еңбекке жарамсыз болатынын айтты

Ресей Ғылым Академиясының ғалымы, әлеуметтік ғылымдар докторы Вячеслав Локосов 10 жылдан кейін көршілес орыс халқының үштен бір бөлігі еңбекке жарамсыз болатынын айтты. Бұл туралы РИА Новости сайтында хабарланды. 17 қараша 2019, 14:57 2 530 просмотра
 БҰҰ Бас хатшысы Газа секторына шабуылды дереу тоқтатуды талап етті Әлемде

БҰҰ Бас хатшысы Газа секторына шабуылды дереу тоқтатуды талап етті

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш сионистік режимнің бейсенбі күні таңертең палестиналық бір отбасының сегіз мүшесінің қазасына себеп болған Газа секторына жасаған шабуылын айыптады. Бұл туралы "Pars Today" агенттігі сайтында хабарланды.  17 қараша 2019, 14:47 2 364 просмотра
Беларусьте Өкілдер палатасына негізгі дауыс беру басталды Әлемде

Беларусьте Өкілдер палатасына негізгі дауыс беру басталды

17 қараша, жексенбі – Беларусьтың Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының жетінші шақырылымына депутаттарды сайлаудың негізгі дауыс беру күні. Дауыс беру басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.  17 қараша 2019, 10:40 2 213 просмотра
Өгей әке 5 жасар қызын көміп тастаған жерді көрсетті Әлемде

Өгей әке 5 жасар қызын көміп тастаған жерді көрсетті

Қырым тұрғыны бес жасар өгей қызын көміп тастаған жерді көрсетті. Видеоны Ресейдің тергеу комитеті жариялады. Күдіктінің айтуынша, ол қыздың денесін көліктің артқы орындығына салып, үйден алып шыққан. Ал алдыңғы орындықта ер адамның кіші ұлы отырған, деп хабарлады ntv.ru. Бейнежазба 17 қараша 2019, 11:04 1 966 просмотра
Италия су басқан Венецияға жәрдемдесу үшін жылу жинап жатыр Әлемде

Италия су басқан Венецияға жәрдемдесу үшін жылу жинап жатыр

Италия билігі су тасқынынан зардап шеккен Венецияның «жалпыадамзаттық мұрасын» қалпына келтіруге көмектесуге шақырып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 17 қараша 2019, 10:14 2 050 просмотра
Украинада ДАИШ жетекшілерінің бірі ұсталды Әлемде

Украинада ДАИШ жетекшілерінің бірі ұсталды

Украинаның қауіпсіздік қызметі Киев облысында Грузияның ішкі істер министрлігі және АҚШ-тың барлау басқармасымен (ЦРУ) бірігіп, арнайы операция өткізіп, ДАИШ ("Ислам мемлекеті") жетекшілерінің бірін ұстағанын хабарлады. 16 қараша 2019, 09:35 2 063 просмотра
​Бейжің еуропалық дипломаттардың Шынжаңға баруына шектеу қойған ба? Әлемде

​Бейжің еуропалық дипломаттардың Шынжаңға баруына шектеу қойған ба?

Еуропалық одақ қазіргі кезде Еуропа елдерінің Қытайда тұратын елшілерін Шынжаңға жіберу мәселесін талқылауда. Олар Бейжің билігі Шынжаңдағы аз санды ұлттарға қысым көрсетіп отыр деп айыптайды.  15 қараша 2019, 16:01 1 980 просмотра
​Британия саясатына киліккен ресейлік кәсіпкерлердің аты аталды Әлемде

​Британия саясатына киліккен ресейлік кәсіпкерлердің аты аталды

Ресей Британ саясатына киліккен болуы мүмкін деген мәлімдеме ағылшын елінің Парламентінде қызу талқыға мұрындық болды. Аталған мәлімдемеде, ресейлік 9 қалталы кәсіпкердің «Брекситті» жақтаған Консерваторлар партиясын және саясаткерлерін қаржыландырғаны айтылған.  15 қараша 2019, 15:02 1 854 просмотра
Танымал әлем чемпионын үйінің алдында атып кетті Әлемде

Танымал әлем чемпионын үйінің алдында атып кетті

Мәскеуде тай боксынан үш дүркін әлем чемпионы, Армения азаматы Ашот Болянды белгісіз біреу атып кетті. Қылмыс 13 қараша кешке тұрғын үйдің маңында жасалған. Белгісіз біреу 40 жастағы әлем чемпионына оқ атқан, ауыр жарақаттан спортшы оқиға орнында көз жұмды, деп мәлімдеді РФ тергеу комитеті. РФ қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) және 222-бабы 1-тармағы (Заңсыз қару-жарақ айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды."Тергеу бірнеше болжамды қарастырып отыр. Соның бірі кәсіпкерлік қызметпен байланысты", - деп хабарлайды РИА Новости. 15 қараша 2019, 10:50 2 651 просмотра
Тбилисиде мыңдаған адам сайлау жүйесін реформалауды талап етті Әлемде

Тбилисиде мыңдаған адам сайлау жүйесін реформалауды талап етті

14 қарашада Грузия астанасы Тбилиси орталығында мыңдаған адам парламент ғимаратының алдына жиналып, парламент депутаттарының сайлау жүйесін реформалау туралы заң жобасын кері қайтарғанына қарсылық танытты. 15 қараша 2019, 10:21 7 186 просмотра
Калифорнияда мектепте атыс болып, екі адам қаза тапты Әлемде

Калифорнияда мектепте атыс болып, екі адам қаза тапты

14 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатында Санта-Кларита қаласында мектепте атыс болып, екі адам өлді, үш адам жараланды. Бұл ақпаратты жергілікті шериф кеңсесінің өкілі баспасөз жиынында хабарлады. 16 және 14 жастағы екі жасөспірім қаза тапқан. 15 қараша 2019, 09:44 2 534 просмотра
​Қытай үкіметі оба індеті туралы жасырып отыр ма? Әлемде

​Қытай үкіметі оба індеті туралы жасырып отыр ма?

Сейсенбі күні Қытайдағы Ішкі Моңғол автономиялы регионына қарасты Шилиңғол аймағында жұқпалы аурумен ауырған екі адамға Бейжіңнің сарапшы мамандары «оба дертін жұқтырған» деген диагноз қойған.  14 қараша 2019, 15:01 3 873 просмотра
​Трампқа импичмент: АҚШ президенті қызметінен кете ме? Әлемде

​Трампқа импичмент: АҚШ президенті қызметінен кете ме?

АҚШ-тың Украинадағы елшісінің міндетін атқарып жатқан Билл Тэйлор президент Трампқа импичмент жариялау туралы сауалдарға жауап берді. Ол Трамптың Еуропа одағындағы АҚШ елшісі Гордон Сондланд мырзаға хабарласып, Байденге қатысты қылмыстық іс жөнінде сұрағанын растады.  14 қараша 2019, 14:50 2 137 просмотра
Атамбаев абақтыдағы алғашқы мәлімдемесін жасады Әлемде

Атамбаев абақтыдағы алғашқы мәлімдемесін жасады

Қамауда жатқан Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев үш айдан бері алғаш рет мәлімдеме жасаған. Атамбаев мәлімдемесінде, 7-8 тамыз күндері Қой-Таста (Кой-Таш) болған оқиғадан кейін билік тарабы заңсыз қамаулар мен саяси қудалау жүргізді деп айыптаған. 14 қараша 2019, 14:57 2 897 просмотра
Вашингтонда Трамп Ердоғанмен кездесті Әлемде

Вашингтонда Трамп Ердоғанмен кездесті

АҚШ және Түркия басшылары конгрестің жоғары палата өкілдерімен бірге F-35 истребителін құрастыру бағдарламасы төңірегіндегі мәселелерді талқылады. Бұл ақпаратты АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі, 13 қарашада Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездескеннен кейін өткен баспасөз жиынында айтты. 14 қараша 2019, 12:17 2 326 просмотра
Ресейде колледж студенті курстастарына оқ жаудырды Әлемде

Ресейде колледж студенті курстастарына оқ жаудырды

Ресейдің Амур облысы Благовещенск қаласындағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы колледжінде атыс болды, құрбандар бар, деп хабарлайды РИА Новости аймақтың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 14 қараша 2019, 11:16 2 189 просмотра
Ресейде қуғынға ұшыраған "Қырым татар белсенділерінің ісін" БҰҰ-ға жолдады Әлемде

Ресейде қуғынға ұшыраған "Қырым татар белсенділерінің ісін" БҰҰ-ға жолдады

Украина Ресейде "Хизб ут-Тахрир" ұйымын құрды және оның ісіне араласты деп айыпталып, сотталған Қырым татар белсенділерінің ісіне қатысты деректі Гаага сотына жіберді. Киев бұл белсенділерді заңсыз соттады деп есептейді. Ресейдің жоғарғы соты 2003 жылы "Хизб ут-Тахрир" ұйымын террористік ұйымдар қатарына енгізген. 14 қараша 2019, 10:36 2 223 просмотра
Украина ресейлік журналист Соловьевке қарсы қылмыстық іс қозғады Әлемде

Украина ресейлік журналист Соловьевке қарсы қылмыстық іс қозғады

Украинаның экс-президенті Петр Порошенко басқаратын «Еуропалық ынтымақтастық» партиясының депутаты Алексей Гончаренко Украина қауіпсіздік қызметі ресейлік журналист Владимир Соловьевке қарсы екі қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.  12 қараша 2019, 16:29 2 503 просмотра
Сирия президенті Асадтың туыстары Мәскеуден қымбат үйлер сатып алған Әлемде

Сирия президенті Асадтың туыстары Мәскеуден қымбат үйлер сатып алған

Сирия президенті Башар Асадтың туыстары "Москва Сити" аумағындағы тұрғын үй кешенінен кем дегенде 20 апартамент сатып алған. Мұндай ақпаратты үкіметтік емес Global Witness жемқорлықпен күрес ұйымынан алынған құжатқа сілтей отырып, Financial Times газеті таратты. Сирия президенті туыстарының Мәскеудегі жылжымайтын мүлкі 40 миллион долларға бағаланады. 12 қараша 2019, 10:14 2 141 просмотра