Атырау, 21 мамыр 00:43
 ашықВ Атырау +20
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Қазақ елі - Қазақстан

5 311 просмотра

Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстанды Қазақ елі деп ауыстыру туралы ұсынысы интернетте үлкен талқыға түсті. Бұл туралы өз пікіріңізді онлайн дауыс беру арқылы білдіре алатын www.kazakeli.kz сайты ашылды. Онда қазірдің өзінде жаңа атауды жақтап 77 мың адам дауыс берсе, 140 мың дауыс қарсы болып тұр. Біздің www.azh.kz сайтындағы сауалнаманың нәтижелері: 77%-ы «қарсы», 19%-ы «қолдап», қалғандары жауап беруге қиналамын деп дауыс берді. Сондай-ақ, біз шағын ауызша сауалнама да өткіздік.

Наталья ЧИРКИЗОВА, 35 жаста:
- Егер біз инвесторлар тарту үшін ғана атауымызды өзгертер болсақ, Шеврон, Шелл және басқа да шетелдік компаниялар сияқты мұнай және газ саласында жұмыс жасайтын инвесторлар бізде қазірдің өзінде жеткілікті. Сонымен қатар, Қытай бар, Лукойл бар, бұл компаниялар мен олардың артында тұрған адамдар үшін Қазақстан сөзіндегі «стан» бөлігі терактілер қаупін, әлемді дүрліктіріп отырған содырлар елі дегенді білдірмейді, жай ғана қосымша болып саналады.

Әнуарбек РАХИМОВ, 43 жаста:
- Ел басшыларының қиялдары таусылған шығар деп ойлап жүр едім. Жоқ, бар екен! Қандай тапқырлық! Инвесторлар тарту – ересектерге арналған қандай керемет ертегі. Бізде елімізді, осында тұратын адамдарды жақсы білетін шетелдік инвесторлар онсыз да жеткілікті. Ал егер Қазақстан атауын оқулықтарда, мемлекеттік мекемелердің құжаттарында, ұлттық валютада, төлқұжатта және т.с.с. өзгертуге қанша ақша кететінін шамалап есептейтін болсақ, бұл «ғажайып» идеяның неліктен жүзеге асуы керектігі түсінікті болады.

Расул САХИМОВ, 37 жаста:
- Бүгін былай, ертең басқаша аталатын бұл қандай мемлекет? «Кемені қалай атасаң, солай жүзеді» деп айтатындай жағдай емес бұл. Егер, президентіміздің ойынша, «стан» қосымшасы шетелдік инвесторларды қорқытатын болса, онда әлем картасында кенеттен пайда болатын жаңа елді ешкім білмейтін де болады.

Сәуле АХМЕТОВА, 57 жаста:
- Менің ойымша, қазір мемлекет атауын өзгерту туралы айтатын уақыт емес. Егер Қазақстан дамыған ел болып, халықтың тұрмыс деңгейі жоғары болғанда ғана біз мұндай даңқойлыққа бара алар едік. Алайда бұл олай емес қой. Оған мына девальвацияны да қосып қойыңыз. Қазақ елі деп атаған бойда инвесторлар ағылады деп ойламаймын. Жалпы, өз қотырымызды өзіміз қаситын уақыт жетті ғой.

Марина БРОВИНА, 37 жаста:
- Егер бұл халықтың тұрмыс деңгейін арттыратын болса, Қазақ елі деген атауға қарсы емеспін. Алайда, бізді, қазақстандықтарды қалай атайтындары түсініксіз.

Мәди ЕЛЕУСІЗОВ, 35 жаста:
- Қазақ елі деген атау қазақтар үшін жағымды, жақсы атау. Тек бұл ұсынысты девальвация алдында айтқаны ақылға сыйыңқырамайды.

Мұхамбет БЕКТҰРОВ, 67 жаста:
- Егер жоғары жақ бірдеңе жасағысы келсе, олар мұны істейді. Халықтың пікірін ешкім тыңдамайды. Алайда, менен сұрайтын болса, мен қарсымын. Менің Отаным – Қазақстан, ол, сондай-ақ, балаларым мен немерелерімнің Отаны болмақ.

Асыланбек МҰРАТБЕКОВ, 29 жаста:
- Ешқандай атау өзгерту болмайды деп ойлаймын. Бұл идея теңгенің девальвациясы қарсаңында халықты алаңдату үшін ғана айтылған. Білмеймін, төрелік айта алмаймын, бірақ сол Қазақстанда тұра бергеніміз жақсы сияқты.
Жазып алған Тамара СУХОМЛИНОВА

19 ақпан 2014, 23:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.