Атырау, 26 сәуір 14:55
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жазушылар үйі, түрмедегі бейне жазба және басқа да шығындар

4 448 просмотра

Биыл наурызда Қазақстанның жергілікті өзін-өзі басқару органдары – мәслихаттардың құрылғанына 20 жыл толады. Осы атаулы күнді мерекелеу үшін мәслихат 6,1 млн теңге сомасында шығындарды бекітті.

30 қаңтарда облыстық мәслихаттың кезектен тыс 20-сессиясында депутаттар өткен жылы игерілмей қалған 8 млрд теңгені кері бөлуді бірауыздан бекітті. Осы туралы облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА сөз сөйледі. Облыстық білім беру басқармасына 103 млн теңге бөлінді. Осы соманың 99,9 млн теңгесі Қызылқоға ауданы Миялы селосындағы балабақша құрылысын аяқтауға, 3,1 млн Геолог-2 поселкесінде балабақша салуды жобалауға жұмсалады. Индер ауданының Бөдене ауылына, Құрманғазы ауданының Приморье, Махамбет ауданының Бейбарыс ауылдарына, Индер және Атырау қаласының Геолог ауылына  дәрігерлік амбулаториялар салуға 442,6 млн теңге бөлінді.

Исатай ауданы Тұщықұдық ауылындағы жолды жөндеуді аяқтауға 47,5 млн теңге, Қызылқоға ауданы Сағыз селосындағы темір жол үстінен өтетін жаяу жүргінші көпіріне 46,8 млн теңге, Атырау-Индер тас жолы бойындағы ауылдардағы жолдарды жобалауға 46,3 млн теңге, Нұрсая ықшамауданындағы монша кешенін салуды жалғастыруға 151 млн теңге қарастырылды.

Тұрғын үй бағдарламасы бойынша инженерлік коммуникация құрылысына 962 млн теңге, «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша су құбыры желісіне 466,5 млн теңге, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін газдандыруға 93 млн теңге, қалалық ипподром құрылысына 1 млрд теңге бөлінді.

Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына 3,9 млрд теңге қаралды, соның ішінде үй құрылыс комбинатына 500 млн теңге, фармацевтикалық зауытқа 1 млрд теңге, Махамбет ауданындағы сүт фермасына сиыр алуға 357 млн теңге, Махамбет ауданындағы ешкі фермасына ешкі алуға 50 млн теңге, Қызылқоға ауданында тігін цехын ашуға 8 млн теңге, Махамбет ауданында құс фермасын салуға 235 млн теңге, Атырау қаласында жұмыртқа өндіру фабрикасының құрылысына 490 млн теңге, Атырау қаласында бройлерлік балапандарды өндіру фабрикасын салуға 1 млрд теңге бөлінді.

Мерейтойды тойлау үшін облыстық мәслихатқа 1,8 млн теңге, екі қалалық және жеті аудандық мәслихаттарға 4,3 млн теңге жұмсалатын болады.

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға 1 043 шипажайлық-курорттық жолдама алуға 94,9 млн теңге, 360 мүгедекті протездеуге 33,7 млн теңге, есту аппараттарын, мүгедек арбасын және көмекшілер қызметін төлеуге 50 млн теңге бөлінді.

Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімі үшін ғимарат алып, оны күрделі жөндеуден өткізу үшін 100 млн теңге, өрт машиналарын алуға 130 млн теңге, тергеу изоляторында бақылау бейне камераларын орнатуға 161,7 млн теңге бөлінді.

Жазушылар үйін жобалауға 15 млн теңге, онкологиялық ауруларға дәрі алу үшін 25 млн теңге, жас босанған әйелдерге 21 млн теңге, Атырау қаласы туралы имиджді деректі фильм түсіруге 5 млн теңге, мәдениет басқармасына кітап алуға және Еуропада Дина Нұрпейісова атындағы оркестрдің концертін ұйымдастыруға 50,7 млн теңге, «АтырауИнвест-2014» экономикалық форумын ұйымдастыруға 173,8 млн теңге, облыстық жарыстарды ұйымдастыруға 120,6 млн теңге, газдандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін 86,1 млн теңге, Атырау қаласында көшені жарықтандыру желісін салуға 116,6 млн теңге жұмсалады.

Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВөз сөзінде жақында Атырау Астанадан комиссия келіп, Қазақстан-Ресей экономикалық форумын өткізуге орынжай таңдағаны жөнінде айтып кетті. Осындай үлкен шараға сай келетін ғимарат жоқ екені анықталды. Сол кезде үлкен салтанат сарайын салу туралы шешім қабылданды, бұл ғимарат форумнан кейін Неке қию сарайы болмақ. Сонымен қатар, комиссия осы форум аясында өткізілетін көрмеге ауданы 2,5 мың шаршы метр болатын орынжай іздеген, ол да табылмады. Көрме залын салуға облыстық әкімдік үкіметтен алғашқы транш ретінде 1 млрд теңге сұрады.

Сессия аяқталған соң, депутаттар өңір басшысының сөзін қызу талқыға салды – ол әуежайға баратын жолдағы концерт залын аяқтау туралы айтты ма, әлде әңгіме жаңа «ғасыр жобасы» туралы ма екен? Бұрынғы зал қалпына келтіруге келмейтіндіктен, барлығы жаңа үлкен нысан салынатын болар деп шешті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 қаңтар 2014, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.