Атырау, 19 мамыр 12:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Талибан» Қазақстанға ескерту жасады

2 893 просмотра

«Талибан» экстремистік қозғалысы Қазақстан НАТО контингентін қолдап, Ауғанстанға әскер жіберетін болса, оның салдары қазақ еліне "оңай болмайтынын" ескертті. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.

«Қазақстан өз елінің қалауы мен өзінің аймақтағы мүдделерін ескермей, АҚШ-тың мүддесін қорғауға ыңғайлануда. Қазақстан мұсылмандары өз басшылығының бұл ағат саясатын қолдамауға тиіс», - делінген тәлібтердің үндеуінде.
«Қазақстан тарабының бұл қадамы Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа және аймақтағы жағдайға теріс ықпалын тигізері сөзсіз және ол ұзаққа созылуы мүмкін», - делінген одан әрі.
Осы жылдың 18 мамырында Қазақстан Парламенті НАТО-мен әріптестік шеңберінде қазақ сарбаздарын Ауғанстандағы халықаралық қауіпсіздік күштерінің қатарында алты айлық әскери қызметке жіберуді қарастыратын заң жобасын мақұлдаған болатын.
www.baq.kz
 

23 мамыр 2011, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.