Атырау, 21 мамыр 00:02
 ашықВ Атырау +20
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Бала бақыты фабрикасы

3 275 просмотра

Сағыныш ҮБІҒАЛИЕВА мен Хапиза МЕКЕБАЕВА: «Біз бақыттымыз!»Сағыныш ҮБІҒАЛИЕВА мен Хапиза МЕКЕБАЕВА: «Біз бақыттымыз!»Сағыныш ҮБІҒАЛИЕВА 13 жасында ата-аналы болды. Интернаттағы көптеген балалар бұл жаста отбасы туралы армандауды қойып, тағдырларында болар өзгерістер жөнінде де ойлағылары келмейді. Ал Сағыныш олай емес. «Мен бақыттымын», - деп сыбырлай ғана мойындаған қыздың бота көздері жасқа толды. «Біз бақыттымыз», - деп қызын түзеткен анасы Қапиза МЕКЕБАЕВА оны кеудесіне қысты.

Қапиза апа мен оның күйеуінің ұлдары өсіп, үйленгеннен кейін босап қалды. Ерлі-зайыптылар бойларында әлі түгесілмеген шексіз махаббаттың, үлкен тәжірибенің, балаларға берер тәлімдерінің молдығын сезінді. Алайда құдай тек бір ұл ғана берді. Осылайша олар қыз асырап алуды шешті.

Сандуғаш үйден алыс, ата-ана мейірімінсіз өткізген уақыттарын толтыруға тырысады. Ол көп уақытын үйде, ата-аналарымен бірге өткізгенді қалайды, оларға үй жұмыстарына көмектеседі, тіпті мектептен кейін анасының жұмыс орны – «Өнерпазға» тігін ісіне үйрену үшін барып жүр.

Ал ерлі-зайыптылар Қанат АСҚАРОВ пен Қатира ҚАРЖАУБАЕВА бірден ағайынды екі баланы асырап алды. Міне, осындай Асырап алушы ата-аналар мектебі арқылы өз бақыттарын тапқан отбасылар Атырауда жеткілікті. Алға қарай олардың саны арта түспек – бірнеше баланың құжаттары ресімделіп жатыр...

«Қазақстанның жаңа ұрпақтары» жастар қоғамдық бірлестігі ТШО-мен бірлесіп, 2013 жылдың ақпанынан бері «Жаңа өмір» жобасын жүзеге асыруда. Оның екі бағыты бар: «Асырап алушы ата-аналар мектебі» (ААМ) және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар мен жетімдерді интернаттан кейін қамқорлыққа алу. Жобамен таныстыру үшін интернат, отбасылық үлгідегі балалар үйі, Жасөспірімдер үйі, қала мен барлық аудандардың қамқорлық және қорғаншылық бөлімдерінің қызметкерлеріне семинар-треннингтер өткізілді. Тәжірибе алмасу үшін Ресейден сарапшылар шақыртылды. Нәтижесінде бізде №1 интернат жанынан асырап алушы ата-аталар мектебі ашылды. Ресейде болашақ ата-аналар 64 сағаттық дәріс тыңдап, емтихан тапсырып, содан кейін ғана баламен сөйлесуге рұқсат алады. Қазақстандық ереже 10 дәрістік сағатпен шектелді.

Ұйымдастырушылардың алдында қажетті ақпараттардың үлкен ағынын жинақтап, елімізге бейімделген жаңа оқу құралын құрастыру міндеті тұрды. Бұған қол жеткізілді. Бүгінде «Жаңа өмір» жобасының үйлестірушісі Нелли КУЛИКОВСКИХ дайындаған оқу құралын «Бота» мен Орталық Азиядағы Еуразия Қоры (ОАЕҚ) Қазақстан бойынша қолдануға ұсыныс берді. Болашақ асырап алушылар тек оқыту курстарынан ғана өткен жоқ, сондай-ақ мамандарға сұрақтарын қойып, балалармен де сөйлесті. Бұл үшін ашық есік күндері ұйымдастырылып, ерлі-зайыптылар интернат мекемелерінің балалары демалып жатқан «Тұлпар» жазғы лагеріне барды. ААМ жұмысы кезінде49 болашақ асырап алушы курстан өтті. Мамандар тек ересектермен ғана емес, балалармен де жұмыс жасады, олар тәрбиеленушілердің генограммасын құрып, шығу тегін анықтады. Бұл оңай жұмыс емес, өйткені көптеген балалардың интернатқа келгендеріне көп уақыт болды, ұзақ жылдардан кейін ата-аналарының ізін табу қиынға соқтырады, әсіресе, соңғылары балаларымен араласпаса, мүлдем қиын. Белгілі бір жастағы, жыныстағы баланы өз облысынан таба алмаған болашақ асырап алушыларға мектеп бүкіл Қазақстан бойынша іздеуге көмектеседі.

Келер жылы «Қазақстанның жаңа ұрпағы» жобаны жалғастыруды жоспарлап отыр, алайда жұмыс бұдан да жемісті болу үшін, ұйымдастырушылардың пікірінше, қалалық қамқорлық және қорғаншылық бөлімінің әлеуетін арттырып, сырттан тікелей кіретін есігі бар бөлек орынжай бөліп, қызметкер штатын көбейту қажет. Сондай-ақ, облыс орталығында отбасыларға қолдау көрсету қызметі ашылса, нұр үстіне нұр болар еді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.