Атырау, 20 мамыр 23:45
 ашықВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жаңа жыл шыршасы: Қайда, қалай және қаншадан

12 949 просмотра

Атырауда мекемелер үшін жаңажылдық шыршалар 8 желтоқсанда басталып кетті. Қалың жұртшылық үшін қойылымдар 18 желтоқсанда басталды, ол 10 қаңтарға дейін жалғасатын болады. Балаларына бір сағаттарын бөліп, олармен бірге балалар әлеміне ену үшін ата-аналардың үш апта уақыттары қалды.

Соңғы кездері балалар үшін жаңажылдық шыршаларды мейрамханаларда өткізу дәстүрі кең таралуда. Мектептердегі және ұйымдасқан балалар ұжымдарындағы ата-аналар комитеті балалары үшін арнайы ұйымдастырылған қойылымдарды тамашалап, Аяз Атаға басқа сәбилер мен ата-аналардың арасынан сығылысып бармас үшін залды жалға алады. Мейрамханалар сұранысқа қуана келісімін береді. Өйткені күндізгі уақытта қаланың кішкентай тұрғындары үшін мерекелік түскі ас ұйымдастыратын орындар тізімі үнемі көбейіп, өзгеріп отырады. Аспаздар балалардың ас мәзірін әзірлейді, олардың құрамына ересектердің көзқарасы тұрғысынан зиянды, бірақ балалардың сүйікті фри картобы, гамбургерлер, чизбургерлер мен пиццалар кіреді. Кейбір орындар өздерінің шара жүргізушілерін ұсынуға әзір. Мұндай қызмет көрсетпейтіндер клиенттермен келісіп, ата-аналардың өздері шақырған әртістерді қатыстырудан бас тартпайды.

Балалар үшін классикалық жаңажылдық шыршалар мерекесін қалайтындар Мәдениет сарайларына немесе сауда-ойын-сауық орталықтарына бара алады.

 

М. Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры

Облыстың бас сахнасындағы шыршалар 26-31 желтоқсан аралығында өтеді. Бағдарламада шырша маңындағы қойылымдар мен қол ұстасып, ойын ойнау секілді шаралар бар. Қойылым қазақ тілінде сағат 10.00, 12.00, 14.00 және 16.00-де болады. Үлкен зал ірі кәсіпорындар үшін шыршалар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Билет құны – 1 мың теңге. Бірақ сыйлықтар туралы ұйымдастырушылардың немесе ата-аналардың өздері ойластыру керек.

 

Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайы

Жилгородоктағы Мәдениет үйінде өтетін дәстүрлі шыршалар 1 қаңтарда басталып, 10 күнге жалғасады. Қойылым сағат 11.00, 13.00 және 15.00-де басталады. Балаларды сүйікті ертегі кейіпкерлерімен кездесу, шыршаны айналу, ойындар мен байқаулар күтіп тұр. Ондаған жылдар бойына мәдениет сарайының әртістері жыл сайын жаңа қойылымдар ұйымдастырады. Биыл балалар «Қысқы ертегіні» тақ күндері: 1, 3, 5, 7 және 9 қаңтарда – қазақ тілінде, жұп күндері: 2, 4, 6, 8 қаңтарда – орыс тілінде тамашалай алады. Билет құны –1300 теңге, сыйлық қарастырылмаған.

 

Дина Нұрпейісова атындағы мәдениет сарайы

Тағы бір мәдениет ошағы балаларды «Қысқы шырша жанындағы қызықты оқиғалар»  атты музыкалық ойын-сауық бағдарламасына қатысуға шақырады. Бағдарламаны балалардың мейірімді таныстары: Маша, Аю, көңілді Фиксиктер, Аққала және Аяз Ата мен Ақшақар өткізеді. Олар бірге ән айтып, би билеп, қол ұстасып ойын ойнайды. Қойылымдар орыс және қазақ тілінде өтеді. Қызықты оқиға 21 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарда аяқталады. Басталу уақыты - сағат 11.00 және 14.00. Сыйлықсыз билет - 2000 теңге, сыйлығымен - 3000 теңге. Аяз Атаны тақпақтарымен және әндерімен қуантатын балақайлар шағын сыйлықтар алады.

 

«Тамаша» сауда-ойын сауық орталығы

19 желтоқсанда «Сафари бағында» жаңажылдық қойылым басталады. Орталық 3-тен 12 жасқа дейінгі балаларды орыс және қазақ тілінде өтетін «Нарутоның бастан кешкендері» атты қойылымды тамашалауға шақырады. Аяз Ата Ақшақарымен бірге, сонымен қатар Алладин, Жасмин, арыстан Алекс, зебра Марти, Панда пен Наруто балаларды күн сайын сағат 11.00, 13.00, 15.00 және 18.00-де күтеді. Шыршаны айналу, ойындар мен байқаулар бағдарламасы 45 минутқа созылады. Ең талантты балаларды шағын сыйлықтар күтіп тұр. Билеттер құны - 1,5-нан 2,5 мың теңгеге дейін. Жаңажылдық шыршалар 14 қаңтарға дейін жалғасады.

 

«Funky Town» ойын-сауық бағы

Аяз Ата мен танымал мультфильмдердің кейіпкерлерінің қатысуымен өтетін жаңажылдық қойылымдар 18 желтоқсан – 8 қаңтар аралығында өтеді. Қойылымдардың басталуы – сағат 10.00, 12.00, 14.00 және 16.00-де. Билеттер құны 2 500-нан 10 000 теңгеге дейін. 2,5 мың теңге базалық пакетіне қойылымнан бөлек, тәтті сыйлықтар мен парк аттракционын төлеу үшін 1,5 мың бірлік кіреді. Билет қымбат болған сайын, сыйлықтар да, бірліктер де көп болады.

 

«Диар» сауда-ойын сауық кешені (Привокзальный, Еркінов көшесі, 85)

Балалар үшін жаңажылдық мерекелер орыс және қазақ тілдерінде 2-8 қаңтарда өтеді. Бағдарламада Аяз Атамен, Ақшақармен, Кунг Фу Пандамен, Скуби Думен, Лунтикпен, Спанч Бобпен, Маша және Аюмен, Крудстар отбасымен кездесу болады. Сонымен қатар Лазерлік шоу, сабын көпіршіктерінің шоуы мен үйретілген маймылдар болмақ. Қойылым ұзақтығы – 1 сағат, оған фотосессия үшін уақытты қосыңыз. Қойылым құны - 2500 теңге, бұған тәтті сыйлық та кіреді. 2 жасқа дейінгі балалар шыршаға ата-аналарымен бірге келеді. Одан үлкендеу балалардың ата-аналарына қаласа, сәбилеріне еріп жүру үшін бөлек билет сатып алуына тура келеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.