Атырау, 20 мамыр 22:48
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

О, алақай, Аяз атай!

10 236 просмотра

«Ақ Жайықтың» дәстүрлі жаңажылдық акциясы

Сағат 12-ні соғып, Жаңа 2014 жыл басталғанда, бұл балалар қалың ұйқы құшағында жатады. Бұл мекемелердің режимдері мүлтіксіз орындалады. Өкінішке орай, бұл мейрамды олар өз туыстарының арасында қарсы алмайды. Олардан ешкім де білдірмей ең құпия тілектерін сұрамайды. Сондықтан Аяз Атаның елшілері ретінде қалам мен қойындәптерімді алып, С. Қазыбаев атындағы №1 интернаттағы ата-аналарының қамқорлығынан айырылған және жетім балаларға, сонымен қатар есту қабілеттері бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына (2 жетім сәби) жол тарттым.

Сіздерге, қайырымды оқырмандарымыз, олар үшін мейірімді сиқыршылар болуға мүмкіндік сыйлаймыз. Сонымен, олар нені армандайды екен?

Нұрсұлтан Зайтов, 6 жаста: Аяз Ата, маған ойыншық тапанша әкелші. Қолыма сағат, сосын велосипед.

Камилла Зайтова, 9 жаста: әдемі сөмке, шашқа арналған жиынтық, көйлек (Камилланың өлшемі 36).

Альбина Зайтова, 12 жаста: mp3-плейер, білезік пен алқа.

Жаннұр Құбашқызы, 4 жаста: жаңа ойыншықтар.

Никита Длешев, 5 жаста: жүк машинасы.

Юля Родионова, 4 жаста: шелек пен қуыршақ.

Анастасия Родионова, 5 жаста: қолыма сағат, әдемі шалбар мен  кофта (өлшемі 34).

Люба Александрова, 4 жаста: сары кофта мен шалбар(өлшемі 30), шаш қыстырғыш.

Луиза Ихласова, 5 жаста: қуыршақ пен бантик.

Самал Оңғарова, 5 жаста: үлкен ақ бантик, клипстер мен қара шалбар (өлшемі 34).

Санагүл Қуанышева, 6 жаста: көп ойыншықтар, кофта мен шалбар (өлшемі 34).

Мария Платицына, 6 жаста: шаш қыстырғыш пен қуыршақ.

Үміт Жұмаева, 3 жаста: ойыншық.

Таня Длешева, 3 жаста: үлкен қуыршақ.

Нұрсұлтан Аманат (құжат бойынша, бірақ Мұқас деген атқа үн қатады), 3 жаста: машина мен тікұшақ.

Кристина Гетц, 7 жаста: қуыршақ.

Виктор Гетц, 8 жаста: PSP ойыны, пенал, машина, портфель, шалбар мен кофта (киім мен аяқ киім өлшемі 32).

Аружан Бисенова, 9 жаста: клипстер, шашқа арналған резіңке мен ободок. Балға киетін көйлек пен туфли (киім мен аяқ киім өлшемі тиісінше 32 және 33). Роликті кроссовка мен тәж.

Аня Мурыгина, 10 жаста: қалыңдықтікіндей көйлек, тәж, агент сағаты, сөмке, клипстер мен роликті кроссовка (киім мен аяқ киім өлшемі тиісінше 42 және 36). Мүмкін болса, сіңлім үшін тағы Анабэль қуыршағын қалаймын.

Аружан Қалиева, 7 жаста: күннен қорғайтын жазғы әдемі көзілдірік. Моншақтар, бантиктер, мектепке ұстайтын арқақоржын, мерекеге киетін әдемі көйлек пен туфли.

Аружан Қабдрахимқызы, 6 жаста: дөңгелекшелері бар кроссовка, клипстер, моншақтар, тәж, ханшайымдікіндей көйлек пен туфли (киім мен аяқ киім өлшемі 28).

Әсемгүл Қабдрахимқызы, 8 жаста: (бұл қыз бала өзінің сыйлықтар тізімін жоғалтып алғанына қатты көңілі түсіп кеткен, тіпті ызадан жылап жіберді, бірақ кейін есіне түсіре бастады) балға киетін көйлек, бантиктер.

Николай Будный, 10 жаста: спорттық сөмке, «Real Madrid» футболкасы, пультті машина, үстелүсті «Монополия» ойыны.

Дима Будный, 9 жаста: мысық Томас, сөмке, калькулятор, роликті кроссовка, бояйтын суреттер, келесі Хэллоуин мерекесіне  костюм, пультті робот пен «аурухана» ойыншығы – ол жерде адамға ота жасайды.

Аман Нұрғалиев, 9 жаста: пультті машина, «рейнджер» белдігі, жылы бөрік.

Тәңір Қайырғали, 7 жаста: пойыз, такси машинасы, «Лего»конструкторы, пультті машина.

Данил Игнатьев, 7 жаста: пультті машина, өрмекші адамның костюмі (өлшемі30).

Виталик Потёмкин, 7 жаста: пультті машина,медициналық жиынтық – ол жерде адамға ота жасалады, тікұшақ және мысық Томас.

Сергей Мохначёв, 10 жаста: велосипед, пультті тікұшақ, бутсы мен қолғап киген қақпашыға арналған костюм (өлшемі 34, 36) және футбол добы.

Тұрлан Ізмағамбетов, 9 жаста: бутсы мен бүкіл жиынтықтары бар «Real Madrid» футбол костюмі (өлшемі 34, 36).

Бектілек Ибрай, 12 жаста: баскетбол формасы мен добы, кроссовка (киім мен аяқ киім өлшемі тиісінше 34 пен 37).

Нұрлы Ыбраева, 10 жаста: сөмке, косметика салатын сөмке, далаптар мен көзге жағатын теньдер, көйлек (өлшемі 34) және шаш қыстырғыш.

Анастасия Карташова, 10 жаста: ақ бал көйлегі мен туфли (киім мен аяқ киім өлшемі тиісінше 30 және 34), әуе жыланы мен «Винкс» қуыршағы.

Сабина Найдёнова, 11 жаста: клипстер, роликті кроссовка мен тағы әдемі нәрселер…

Мармар Рахиденова, 12 жаста: балға киетін көйлек(өлшемі42), клипстер мен сөмке.

 

Облыстық «Құлағы нашар еститін балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп интернаты» мемлекеттік мекемесі (Химпоселке):

Аяжан Жұмабаева, 11жаста: ноутбук.

Азамат Тұрманов: планшет.

Шынар Жиенденова, 11 жаста: қуыршақ, мойыналқа және үлкен ақ бантик.

 

Сіздердің ризалықтарыңызбен, бұл тізімге біз жарияланымдарымыздың біріндегі кейіпкерлерімізді қостық («Людмиланың бақыты»). Бұл отбасы қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Людмила Матенко қазір балалары Каролина мен Костяны бір өзі тәрбиелеуде. Нандығын әзер тауып жүргенде, отбасылық бюджеттен сәбилері үшін сыйлық жасауы неғайбыл. Осы екі сүйкімді балақайларға да сіздер сыйлық жасайды деп үміттенеміз. Аяз Атадан қандай сыйлықтар алғыларың келеді деген сұраққа, балалар тіпті не айтарларын білмеді. Сондықтан, өз қалауларыңыз білсін.

Жазып алған Анастасия ПАСТУХОВА

 

 

Сиқыршыларға арналған жадынама. 

  1. Ақша түріндегі сыйлықтарды редакция қабылдамайды. Егер сіздің белгілі бір мекемеге демеушілік көмек көрсетуге мүмкіндігіңіз бен ниетіңіз бар болса, тікелей олардың басшыларына хабарласыңыздар (байланыс деректері ғаламторда бар).
  2. Ішіне белгісіз зат салынып, нықтап жабылған пакеттер мен қораптарды әкелмеулеріңіз сұралады, сіздер бұлайша біздің жұмысымызды қиындатасыздар. Егер өз сыйлықтарыңызды әдемі сыйлық салынатын пакетпен әкелсеңіздер, дұрысы осы. Пакет көп болса, жақсы болады. Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, біз оларға сәбилер тапсырыс бермеген көптеген сыйлықтарды қосып саламыз.
  3. Балалардың қалағанынан бөлек заттарды да сыйлағыңыз келе ме? Ендеше іске сәт. Алайда әр бала әлі пайдаланылмаған жаңа затты немесе ойыншықты армандайтынын есте ұстаңыз.
  4. Шаш қыстырғыш, резіңке және басқа да ұсақ-түйектерді әдемі сыйлық қапшығына, қорапшаға салуға болады. Балалар, әсіресе, қыздар сіздің қамқорлығыңыз бен ыждағатыңызды бағалайды.
  5. Егер сіздің сыйлығыңыз сіз таңдаған баланың қолына түспесе (біреуіне бүкіл сыйлық, ал басқасына ештеңе тимей қалмас үшін), алаңдамаңыз: сіздің сыйлығыңыз оған риза болатын басқа сәбидің қолына түседі. Ол сіз сыйлаған затты алғанына қатты қуанары сөзсіз. Сондықтан, пакеттерге қолтаңба қалдырмауды өтінеміз. Осы мәселеде сіздер түсіністік танытады деп үміттенеміз.
  6. Жылы хаттарды, открыткалар мен құттықтауларды құптаймыз. Оларды конверттерге салып әкеліңіздер. Тек сіздің сәбиіңізге ғана хат соңына өз атын жазуына болады (егер хатты балаңыз жазса); егер сіз жазсаңыз, Аяз Ата немесе Ақшақар деп қол қойыңыз.
  7. Сыйлықтарды тікелей Жарбосынов көшесі, 5 мекен-жайындағы «Ақ Жайық» газетінің редакциясына әкелу керек (Ескі горпарк). Жарнамалар мен хабарландыруларды қабылдау қосындарында оларды қабылдамайды. Егер акцияны жүргізетін журналист орнында болмай қалса, оның әріптестері сыйлығыңызды қуана қабылдайды. Сыйлықты жұмыс күні әкеле алмадыңыз ба? Жабырқамаңыз, сіз демалыс күндері оны күзетшілерге қалдырып кете аласыз (жігіттер сенімді, адал).
  8. Акция уақыты – 22 желтоқсанға дейін. Кешігіп қалсаңыз – балалар мекемесіне әкеліңіз, мекен-жайды ғаламтордан білуге болады.
  9. Сыйлықтардың иелеріне табысталатындығына көз жеткізгісі келетін жандардың назарына. Өкінішке орай, бәріңізді бірдей сыйлық табыстау рәсіміне ертіп бара алмаймыз. Жасалған жұмыстар туралы есепті мақала мен фотосуреттер түрінде міндетті түрде газетіміздің жаңа 2014 жылғы бірінші нөмірінде жариялайтын боламыз. Егер сұрақтарыңыз бар болса, редакцияның 27-23-67 телефонына Анастасия ПАСТУХОВАҒА қоңырау шалыңыз.
6 желтоқсан 2013, 22:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.