Атырау, 19 мамыр 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

50 миллиардтық форум

2 806 просмотра

21 қарашада І халықаралық «Atyrau Invest 2013» бизнес-форум шеңберінде 50 млрд теңгедей сомаға 40-тан астам меморандумдар мен мәмілелерге қол қойылды.

«Қазақстандық қамтуды және мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту» секциясының модераторы ретінде Ақтау декларациясының үйлестірушісі Лорд УЭВЕРЛИ сөз алды. Секцияда «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқармасының төрағасы, «Теңізшевройл» ЖШС-нің өндіріс жөніндегі бас менеджері Бредли МИДЛТОН, Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек ЖАКИЕВ және «Қазақстандық мемлекеттiк-жеке серіктестік орталығы» АҚ-ның әдіснама департаментінің директоры Евгений АМАНБАЕВ өз баяндамаларын ұсынды.

«Ықтимал инвесторлар үшін инвестициялық жобалар» секциясының аясында үнділік SAVA Global компаниясының (Атырау қаласынан фармацевтикалық зауыт салу), «Otau International Hotel» ЖШС-нің (Атырау қаласынан 4 жұлдызды мейманхана салу), «Элита» ЖШС-нің («Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» ЕЭА аумағында жүзеге асырылатын Бірлескен химия компаниясының жобалары, Атырау қаласынан терезе жасайтын зауыт салу) және «CentrAsia Technical Equipments» ЖШС-нің (Атырау қаласынан металл құрылымдарды ыстық мырыштау зауытын салу) таныстырылымдары көрсетілді.

Форум жұмысының қорытындылары бойынша бірлесе жұмыс жасау туралы бірнеше меморандумға қол қойылды. Соның ішінд Атырау облыстық әкімдігі мен РФ Удмурт республикасы үкіметінің арасындағы меморандум да бар. «Атырау нефтемаш» компаниясы мен итальяндық компания Атырау қаласынан фланецтер (тұрбаларды жалғайтын сақиналар) өндірісін ұйымдастыру мәселесінде өзара түсіністікке қол жеткізді; АЖЭО мен Шеврон Мұнайгаз пластик тұрбалар жеткізу туралы келісімге келді; АМӨЗ бен Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны зауыт мұқтаждығына арналған өнімдерді жасау туралы меморандумға қол қойды; АМӨЗ бен «РауанНалко» ЖШС химреагенттерді жеткізу жөнінде келісім жасады; «Атырау» ӘКК, «Медицина» АҚ және SAVA Global компаниясы Атырау қаласынын фармацевтикалық зауыт салу туралы үшжақты меморандумға қол қойды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 қараша 2013, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.