Атырау, 10 мамыр 03:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Жауызды ұстап алып, жағын сындырғым келген»

7 706 просмотра

Жақында 13 жасар атыраулық қыздың интернет арқылы жігітпен танысып, екі күн жалдамалы пәтерде уақыт өткізгені туралы хабарланған еді. Қыз баланы үйіне Привокзальныйдағы «Арбатта» жүрген жерінен полиция қайтарған. Өкінішке орай, бүгінде интернет ересек педофильдерге ақыл тоқтатпаған жасөспірімдерді алдап-арбауға үлкен мүмкіндік тудырып отыр, Атырау да бұдан қалыс қалмайды.

«БҰЛ САҒАН ҰНАЙДЫ»

Мен ер адамдар кәмелетке толмаған жеткіншектермен не туралы сөйлесетінін өзім тексердім. Бүгінде аты әйгілі әлеуметтік желілерден жеке профайлымды ашу 10 минутқа жетпейтін уақыт алды. «Сурет» ретінде қарапайым ғана жас қыздың бейнесін таңдадым. Аз уақыттан кейін сайт бетшесіне әр түрлі жастағы ер адамдар кіре бастады.

Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, 2010 жылдың 9 айында Қазақстанда педофильдіктің 94 фактісі, 2011 жылдың осындай кезеңінде – 111, 2012 жылы 248 жасөспірімдерге қатысты зорлау және күштеп жыныстық қатынасқа итермелеу сипатындағы әрекеттер тіркелген. 2010 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін жаза 8-15 жылдан 15-20 жылға дейін ауырлатылды.

Кейбіреуі бірнеше танысуға қатысты сөз орамдарынан кейін, жас сұхбаттасушысынан жыныстық қатынас тәжірибесі бар ма екендігі жөнінде сұрай бастады. Тағы бірнеше адам бірден кездесуге шақырды. «Менің жасым небары 16-да ғой. Ұялмайсыз ба?» - деп қарсы болды қыз 30 жасар еркектің ұсынысына. «Қорқынышты еш нәрсе жоқ, бұл екеуміздің құпиямыз болады. Бұл саған ұнауы керек, дос қыздарың қызыға қарайтын болады», - деп жауап берді қайтпас «сері жігіт».

Осындай бір апта әңгімелесу менің орнымда кез келген шынайы қыз бала болуы мүмкін деген ойымды растады. Ал виртуалды әңгімелесу шынайы кездесуге ұласуы әбден мүмкін. Әңгіме құрдасыңмен танысу туралы емес. Мұндайда көбіне әр түрлі жастағы адамдар кездеседі...

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтері бойынша, кәмелет жасқа толмағандарға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы қылмыстардың соңғы үш жылдағы көрінісі мынадай: ҚР ҚК 120-бабы бойынша («Зорлау») 2010 жылы бір факті, 2011 жылы – 6, 2012 жылы – 2, 2013 жылы - 1.  ҚР ҚК 121-бабы бойынша («Нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттері») 2010 жылы 1 факті, 2011 жылы – 2, 2013 жылы – 1. ҚР ҚК 122 бабы бойынша («Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық  қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер»): 2010 жылы 3 факті, 2011 жылы – 3, 2012 жылы – 2, 2013 жылы – 2. ҚР ҚК 124-бабы («Жас балаларды азғындату») – 2010 жылы бір факт.

АЛДЫМЕН МУЛЬТФИЛЬМДЕР, КЕЙІННЕН ҰЯТ ФИЛЬМДЕР

- Менің қызым 10 жаста, оның әлеуметтік желілерде өз бетшелері бар. Бұл әумесерлік емес, бұл заман талабы. Ғаламтор біздің өміріміздің бір саласына айналды ғой, - дейді қала тұрғыны Владимир. – Алайда барлық бетшелерді бірге жасадық, сондықтан да құпия сөздердің барлығын білемін. Анда-санда онда не болып жатырғанын қарап қоямын. Бірде аватарында шынайы суретінің орнында мультфильм қойылған бір қолданушының күмәнді хабарламасына көзім түсті. Көрсетілген жасына қарасам, бірталай жастағы адам, ал достары – кілең балалар. Алдымен ол қызыма әр түрлі мультфильмдер, компьютерлік ойындар туралы жазды. Кейіннен арсыз сұрақтарға ұласты. Менің сол кезде қандай күйде болғанымды көрсеңіз. Басында ресейлік педофильдермен күресушілер сияқты жексұрынды кездесуге шақырып, интернетте балалармен сөйлесу құштарлығын қағып алайын деп ойлағам. Кейіннен кішкене сабама түсіп, әлеуметтік желі әкімшісіне осы қолданушыға шағымданып, хат жаздым. Сондай-ақ, осы адамның достарының қатарында болған барлық балаларға «мына ағамен сөйлеспеңдер» деп хабарламалар жібердім. Қызыммен жеке сөйлесіп, интернетте тек шынайы өмірде дос болған және жақын адамдармен ғана сөйлесу керек деп түсіндірдім. Барлық бетшелердің қол жетімділігін шектедім. Енді бейтаныс бөгде жандар кіре алмайды. Сонымен қатар, бақылауды да күшейттім. Кейбіреулер балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салу керек дейді. Бұл ең ақырғы шара деп ойлаймын. Балалардың шынайы өміріне де, виртуалды байланыстарына да бақылау жасауға уақыт аямау керек.

Любовь ГИБАТУЛЛИНА, облыстық жүйке-неврологиялық ауруханасының медициналық психологы:                                - Нағыз педофильдік – бұл ауру. Науқастың балаларға қатысты нәпсіқұмарлық қиялдары болады. Осы құмарлығын осы жерде және қазір орындай алмайтындығы оны қатты мазасыздандырады. Сырт қарағанда бұл қарапайым адам, сондықтан да баланы айтпағанда, ересек адам да оның педофиль екенін аңғара алмайды. Сонымен қатар, криминалдық жаңалықтардан күнде естіп жатқандай қылмыскерлердің көпшілігі арақ ішіп немесе басқа да мас қылдыратын заттарды қолданып, мас күйінде арсыз әрекеттерге баратындар. Бұлар жай ғана бұзылған адамдар. Медициналық тұрғыдан қарағанда бұлардың барлығы педофиль емес. Олар тек мас болып, өздерін өздері ұстай алмайтын жағдайда ғана сондай болады. Педофильдер лайт және хард-педофильдер болып екіге бөлінеді. Біріншілерден көп қауіп жоқ. Бұлар - психологиялық проблемалары бар, қорланған адамдар. Олар ешқашан өз қиялдарын жүзеге асырмайды. Ең қауіптілері – хард-педофилдер. Олар өздерінің не қалайтындарын жақсы біледі, барлығын мұқият ойластырып, көбіне топпен басқа қалаларда жұмыс жасайды. Жалпы, үлкен кісілерді қатты сыйлайтын, оны беделге санайтын, үлкеннің айтқанын бұлжытпай тыңдайтын, қадір тұтқаннан «Жоқ!» деп айта алмайтын балалар көбіне педофильдердің құрбаны болады. Қылмыскерлердің қолданатын айлалары шаш етектен – шоколад кәмпит беруден жоғалған мысығын табуға көмектесу сияқты өтініштер. Ата-аналар балаларының қайда, кіммен қыдырып жүргенін білуі керек және қараусыз қалдырмауы тиіс. Қандай жағдай болса да, танымайтын адаммен сөйлесуге болмайтынын, ол атыңды атап тұрса да, жақындамау керектігін жете түсіндіру қажет. Өкінішке орай, жақында өткізген талдау жұмыстары ата-аналардың 60%-ы балаларын тыңдамайтынын анықтады. Баланың әңгімесінен, қылығынан оны бір нәрсе алаңдататынын байқауға болады. Тәжірибеде балаларды зорлаудың көптеген фактілері көбіне жабулы қазан күйінде қалады, өйткені балалар болған жағдай жөнінде ата-аналарына айтуға қорқады.

АҢДУ ЕМЕС, БАҚЫЛАУ

- Бүгінгі күні тек педофильдік қана емес, әлеуметтік желі арқылы баланың күмәнді достар тауып, солармен байланыс жасауы да алаңдатады. Қазір кәмелетке толмаған жасөспірімдерді дәстүрлі емес діни ағымдарға тарту мәселелері де өзекті болып тұр. Сондықтан да ата-аналар барлық ұсақ-түйекке назар аударулары керек! Достары мен таныстары қандай, немен шұғылданады, неге қызығады, не оқиды, қандай музыка тыңдайды, қандай фильмдер көреді – бәрін біліп отыру керек, - дейді қалалық ІІБ-нің криминалдық полиция бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ. – Интернет турасына келсек, әрине, баланың оған қолжетімділігін шектеген дұрыс. Сонымен қатар, қандай бетшелерге кіретінін, онда немен шұғылданатынын қадағалау керек. Бұл - аңду емес, бұл – қажет кезінде қарсы әрекет етуге көмектесетін бақылау. Егер балаңызда түсініксіз қылықтар пайда болғанын байқасаңыз, ашық әңгімеге тартуға тырысыңыз. Өйткені сізден басқа ешкім оны пәледен арашалай алмайды...

Тамара СУХОМЛИНОВА

11 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.