Атырау, 27 сәуір 15:46
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Борлы таулар тұтқыны

3 171 просмотра

Ш. Сариев атындағы облыстық өнер мұражайында Атырауға танымал өлкетанушы-палеонтолог Юрий ПАСТУХОВТЫҢ (суретте) фотосуреттер жұмысының көрмесі болып өтті.

Юрий Александрович отыз жылдай уақыттан бері Каспий маңының борлы шоқыларын зерттеумен айналысып келеді. Ол жасаған экспедиция барысында жинақталған сансыз олжалар палеонтология мұражайын ашу үшін негіз болды. Айта кетелік, Атырау тарихи-өлкетану музейінің палеонтологиялық филиалы Қазақстандағы мезозой дәуірінің бірден бір мұражайы боп табылады.

Осы жылдар ішінде Юрий Александрович тасқа айналған жануарлар мен өсімдіктердің жинағын жинап қана қоймай, көптеген фотосуреттер жасаған. Көрме үшін ол 120 жұмысын таңдап алды. Әрқайсысы Ақтолағай мен Ақкерегешін борлы үстірттерінің қайталанбас сұлулығын өзінше ашады. «Шахмат королевасының» ғажайып пішіні, күннің батуының әсем көрінісі, күн күркірінен кейін аспанда құбылған әдемі кемпірқосақ, фауна өкілдері - өрмекшілер, жыландар, кесірткелер, көбелектер...

Палеонтология мұражайының 10 жылдығына орайластырған өз көрмесінің ашылу салтанатында Юрий Александрович көп уақыттан бері бұл өлкелерге қатты құмартатынын айтты. Алда оны жаңа экспедициялар мен ғажайып олжалар күтіп тұр.

 

 

 

 

 

 

 

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

20 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.