Атырау, 27 сәуір 14:42
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Корей киносын көргіңіз келе ме?

2 354 просмотра

25 маусымда «Чаплин Синема»кинотеатрында («Атырау» сауда-ойын сауық кешені) корей киносының шағын фестивалі өтеді. Оны Қазақстандағы Оңтүстік Корея елшілігінің жанындағы корей мәдени орталығы ұйымдастырып отыр.

Сағат 15.00-те көрермендерге сонау 1782 жылғы оқиға желісімен түсірілген режиссер КИМ Сок Юнның «Детектив К» криминалдық комедиясы ұсынылады. Оқиға былай өрбиді: король Чонг-дзе тағайындаған Корея тарихындағы тұңғыш із кесуші елді жегідей жеген сыбайлас жемқорлықты жеңуге тиіс.

Сағат 19.00-де – режиссёр Ким Хён Судың «Звезда с автострады» комедиялық мелодрамасының көрсетілімі. Бас кейіпкер – рок жұлдызы болуды армандайтын жас Даль-хо. Дыбыс жазатын компания оған келісімшарт ұсынып, ешқандай роксыз,трот (корей эстрадалық музыкасының ең көне түрі) жанрында ғана жұмыс істеу шартын қояды. Бірақ шытырман оқиға енді басталады.

Екі фильм де корей тілінде орыс тіліндегі субтитрлармен көрсетіледі. Кіру тегін.

Тамара СУХОМЛИНОВА

20 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.