Атырау, 18 маусым 18:20
 ашықВ Атырау +26
$ 452.92
€ 484.99
₽ 5.12

Париж олимпиадасына аттанатын ұлттық құраманың киімі демеушілердің есебінен тігіледі

279 просмотра

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев алдағы Париж олимпиадасына қатысатын отандық спортшылардың киіміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Қазіргі форма толығымен демеушілердің қаражаты есебінен тігіліп, дайындалатын болады. Бюджеттен бірде-бір теңге жұмсалмайды. Өздеріңізге мәлім, Ханчжоудағы (ред. – Азиада ойындары) киім үлгісіне бюджеттік қаржы кетті. Мұнда қаражат құрамаға жанкүйер біздің демеушілердің есебінен болады", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Сөзінше, Париж олимпиадасы 24 шілде күні басталады. Олимпиадалық форма маусымның аяғы мен шілденің басында дайын болады деп күтіліп отыр.  

Ермек Маржықпаев биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойыны және Париж олимпиадасы сынды екі үлкен дода болатынын жеткізді. Бүгінгі таңда дайындық жұмыстары басталып та кеткен. 

14 мамыр, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.