Атырау, 19 мамыр 12:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырау Ширванмен бауырлас атанды

2 458 просмотра

Сумгаит технопаркіндеСумгаит технопаркіндеӨткен аптада Атырау қаласының әкімі Серік АЙДАРБЕКОВТІҢ бастауымен Атырау облысы делегациясының Әзірбайжанға ресми үш күндік сапары болды.

Әкіммен оның орынбасары Амантай АЙТБАЕВ, «“Атырау” ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Абат ТАСИМОВ,қаладағы кәсіпкерлер одағының төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Серік НӘЖІКЕНОВ және бірқатар атыраулық бизнесмендер еріп жүрді. Іссапар шекаралас елдермен екіжақты серіктестікті орнату туралы президент жолдауын орындау аясында өтті. Мақсат – мұнай-химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе алмасу болатын.

Іссапар барысында Атырау мен Ширван (75,2 мың халқы бар) қалаларының арасында бауырластық қарым-қатынас орнату жөніндегі декларацияға қол қойылды.

- Осы екі қалалар арасында ортақ нәрсе көп, өйткені екі өңірде мұнай-химия өнеркәсібі мен отын-энергетикалық кешенді қосқанда өнеркәсіптік нысандар шоғырланған, - делінген қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында. - Ширван мұнай өңдеу саласында маңыздылығы бойынша Бакуден кейінгі екінші орындағы қала.

Декларацияға сәйкес, бауырлас қалалар жергілікті өзін-өзі басқару, мәдениет, кәсіпкерлік, сауда мен туризм, біріккен өндірістер құру саласындағы серіктестікті жүзеге асыратын болады.

Атырау делегациясы 2009 жылы іске қосылған «Сумгаит технологиялық паркі (STP)» заманауи өндірістік кешенімен танысты. Бүгінде технопаркте 4600 адам жұмыспен қамтылған 11 зауыт жұмыс істейді, тағы бес кәсіпорын салынуда. Болашақта парк аумағында жалпы алаңы 45 га болатын 30-дан астам кәсіпорындар орналасатын болады. Порт және басқа инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланған. Технопарк базасында ірі «AzerEnerji» холдингінің президенті Етибар ПЕРВЕРДИЕВПЕН кездесу өтті. Онда энергетика саласындағы серіктестік келешегі талқыға салынды. Холдинг Әзірбайжандағы энергетика мен құрылыс саласының алыбы боп табылады. Қазіргі уақытта ол 1 млрд еуро сомаға Ширван қаласында қуаттылығы 780 мВт болатын электр стансасын салып жатыр, енді іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде (салыстыру үшін: біздің АЖЭО қуаттылығы – 223 мВт).

Сумгаитте Айдарбеков «Азерхимия» ӨБ басшылығымен келіссөздер жүргізуде. Бұл мемлекеттік компанияда технопарк аумағында 5 мұнай-химия және металлургия зауыттары бар. Сонымен қатар, біздің делегация Әзірбайжанның экономикалық даму вице-министрі Ниязи САФАРОВ төрағалық еткен бизнес-форумға қатысты. Онда Айдарбеков шетелдік инвесторлар үшін Атырау облысында жасалатын жағдайлар жөнінде таныстырды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

13 маусым 2013, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.