Атырау, 18 мамыр 03:24
 бұлттыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Украина баспасөз хатшы міндетін атқаратын Виктория есімді жасанды интеллектіні таныстырды

Бейнежазба
193 просмотра
Видеодан жасалған скриншот

Сәрсенбі күні Украина жасанды интеллект негізінде құрастырылған Виктория есімді баспасөз хатшысын таныстырды. Ол елдің сыртқы істер министрлігінің ресми мәліметтерін оқиды.

Бұл туралы «Америка дауысы» AFP агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Виктория «твит» жариялап, атқаратын міндетіне консулдық мәселелер бойынша қоғам мен журналистерге ақпарат жеткізу кіретінін түсіндірді.

Украина СІМ мәлімдеуінше, мекеме алғаш рет өз мәлімдемелерін тарату үшін цифрлы баспасөз хатшысын қолданады.

Виктория мәлімдемелерін жасанды интеллект жазбаған, оны «кәдімгі адамдар жазып, үстінен тексеріп шыққан», ал жасанды интеллект оны жеткізу жағымен ғана айналысады.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мұндай «технологиялық қадамға» әлемнің ешқандай дипломатиялық қызметі әлі бара қоймағанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұл "уақыт пен ресурсты үнемдеу қажеттілігінен" туындаған.

Викторияны The Game Changers командасы әзірлеген. Олар Украинадағы соғыспен байланысты виртуалды шындық контентін де жасаған.

Викторияның прототипі - "Холостяк" реалити-шоуының бұрынғы қатысушысы, әнші Розали Номбре.

"Жалған мәлімдемелерден" сақтану үшін әрбір мәлімдемеде министрліктің ресми сайтымен байланыстыратын QR-код болады.


3 мамыр, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.