Атырау, 4 мамыр 15:39
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Германияда Орталық Азияның жеті азаматына терроризм бойынша айып тағылды

150 просмотра

Германияның федералды прокуратурасы Орталық Азиядан шыққан жеті адамға "террористік ұйымдар құрды", "радикалды "Ислам мемлекеті" (ИМ) қарулы тобын қолдады" деген айып тақты. Бұл жөнінде мекеме сайтында айтылған, деп жазады Азаттық радиосы. 

Ақпаратқа қарағанда, олар Германияның батысындағы Солтүстік Рейн-Вестфалияда былтыр жазда ұсталған. Олардың екеуі Түркіменстан және Қырғызстаннан келген, бесеуі – Тәжікстан азаматы. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, "олар бір-бірін бұрыннан біледі және радикалды діни көзқарас ұстанады".

Мекеме мәліметінше, айыпталушылар Германияға Украинадан 2022 жылдың көктемінде келген. Олар шабуыл жасаймыз деген ғимараттарды жіті зерттеп келген. Ұсталғандардың ИМ тобының Ауғанстандағы "Хорасан уәлаяты" тобымен байланыста болғаны айтылады.

Бұдан бөлек айыпталушылар 2022 жылдың сәуір айында және 2023 жылдың мамыр айында ИМ үшін бірнеше мыңдаған еуро жинаған деп айтылады.

25 сәуір, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.