Атырау, 4 мамыр 04:07
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

«Жындының сандырағы». Райымбек Баталов Бишімбаевтың сөздеріне қатысты пікір білдірді

334 просмотра
видеодан скриншот

Бизнесмен Райымбек Баталов instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол кеше, 22 сәуір күні Қуандық Бишімбаевтың сотында болған оқиғадан кейін өзінің абыройын қорғау үшін осы әрекетке барғанын айтады.

«Достар, Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты соңына дейін пікір білдіргім келген жоқ. Алайда, менің атым мен абыройыма нұсқан келтіретін адам сенгісіз сөздерден кейін осылай істеуге мәжбүрмін. Айтайын дегенім, аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отырған адамның маған қатысты айтылған сөздері – жындының сандырағы, бұл таза өтірік. Бұл жалған сөздерге сенбеңіздер, БАҚ өкілдері мен блогерлерден тексерілмеген ақпаратты таратпауларыңызды сұраймын. Және осындай ауыр қайғыға душар болған Салтанаттың жақындары мен туыстары қыздарының абыройын қорғау үшін шыр-пыр болып жүргені әрине өкінішті. Мен Нүкеновтер отбасына қайғыра көңіл айтамын», - деді Райымбек Баталов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше сотта Қуандық Бишімбаевтың телефонында көрсетілген бейнежазбаларда Бишімбаев Нүкеновадан Райымбек Баталовпен қатынасы туралы қайта-қайта сұрап, оны қатты балағаттағаны белгілі болған еді.

23 сәуір, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.