Атырау, 2 мамыр 20:52
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырау әкімі өмірден өтті - жалған ақпарат

815 просмотра

ТЖ жөніндегі жедел штабтың жалған аккаунтында Атырау қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИННІҢ кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. 

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әкім аман-сау, жақында жедел штабтың отырысына қатысып, қаладағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасады, деп хабарлайды қала әкімдігі. 

- ТЖ режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолдану үшін Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған аккаунт иесін іздеумен айналысуда, - делінген хабарламада. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

20 сәуір, 03:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.