Атырау, 2 мамыр 09:44
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

ТЖ режимі: әзілдейтін уақыт емес

733 просмотра

Атырау облысында жаға бекіту жұмыстары жүріп жатқан жерден топырақ салынған қаптар ұрлады деп күдікке ілінген бес адам өз әзілінің құрбаны болған еріктілер болып шықты.

Қазіргі уақытта өзен жағалауындағы салынған бөгеттерден қапшықтарды ұрлау туралы көптеген шағымдар түсіп, соған байланысты жағалау бақылауға алынды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Патрульдеу кезінде полицейлер көліктің жүксалғышына қапшықтарды салып жатқан адамдарды байқаған. Полиция қызметкерінің не істеп жатырсыздар деген сұрағына олар қапшықтарды үйлеріне апара жатырмыз деп жауап қайтарған. Полицейлер хаттамаға сай әрекет еткен. Кейін олардың жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары екені, олардың жаға бекітіп жатқан жерде ерікті болып жұмыс істегендері және ұсталған кезде жолда кедергі боп жатқан қаптар мен топырақты алып тастап жатқаны белгілі болды.

Жағдай шешімін тауып, түсіндірме жұмыстары да жүргізілді. 

Полиция департаменті қолданыстағы ТЖ режиміне байыпты қарауды және осындай фактілерді болдырмау үшін өз жұмысын атқаратын полицейлерге қатысты арандатушылықтарға жол бермеуді сұрайды.

Қазіргі уақытта су тасқынының алдын алу мақсатындағы бөгеттер патрульдеу және бейнекамералар арқылы мұқият тексерілуде.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

19 сәуір, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.