Атырау, 2 мамыр 07:06
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Елімізде бензин өндірісі төмендеді

643 просмотра

Қазақстанда бензин өндірісі төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2024 жылдың наурыз айында 437 мың тонна бензин шығарылды. Бұл ақпан айындағы өндіріс көлемінен 1,4%-ға төмен болып отыр.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, наурызда  454 мың тонна (+12,5 %) газойль, 189 мың тонна (+8,3 %) мазут,  60 мың тонна — 5,6 %) керосин өндірілді.

Еске салайық, бұған дейін елімізде АИ-92 бензиніне тәулігіне 100 литрге дейін шектеу енгізілетінін жазған едік. Шетелдіктер үшін отынның бұл түрі айтарлықтай қымбаттайды, ал дизель, керісінше, арзандайды.

12 сәуірде Энергетика министрінің «Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығы күшіне енді.

Құжатқа сәйкес шекті бағалар:

- АИ-92 және Аи-93 маркалы бензин литріне 205 теңгеге дейін;

- дизель отыны литріне 295 теңгеге дейін құрайды.

19 сәуір, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.