Атырау, 2 мамыр 04:21
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жамбыл облысында Әблязовтің компаниясымен байланысты жер телімдері мемлекетке қайтарылды

553 просмотра
Көрнекі сурет

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың "Ноғайбай-Kazexim" ЖШС-нің ЖСО-ның электронды аукцион қорытындылары туралы хаттамаларын заңсыз деп танып, жер учаскесін жергілікті халыққа қайтарып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоғарғы сот баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, аукционның күшін жою туралы шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы Тараз сотының (13.07.2018 жылғы) шешіміне келтірген апелляциялық өтінішхаты бойынша іс қаралған.

Сот 2006 жылы "БТА Банк" АҚ мен "Қазэксим" ЖШС арасындағы кредиттік шарт негізінде жалпы көлемі (ауданы) 14 мың гектардан асатын 16 жер учаскесі "Қазэксм" ЖШС-нің қарызын қамтамасыз ету үшін Банкке кепілге берілгенін мәлімдеді.

Белгілі болғандай, жер пайдаланушылары несие шарты мен жер учаскелерінің кепілге берілгені туралы 2010 жылдың қыркүйегінде білген.

Айта кетері, 2010 және 2017 жылдардағы сот үкімдерімен "Қазэксим" ЖШС бас директоры, М.К.Әблязов және басқа да ұйымдасқан топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шыққан. Олардан банктің пайдасына материалдық залалдың едәуір сомасы өндірілді. 

Борышты қайтару бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты 2011 жылы Жамбыл облысының прокуроры "БТА Банкі" АҚ-ның мүддесі үшін сотқа талап арызбен жүгінген. 2011 жылғы соттың шешімімен "Қазэксим" ЖШС-нен банктің пайдасына жауапкерлердің мүлкінен өндіріп алу жолымен 3 миллиард теңгеден аса қарыз өндірілген.

Ал 2016 жылдың қыркүйек айында ЖСО атқарушылық іс жүргізу өндірісі қозғалып, “Қазэксим" ЖШС кепілге қойылған мүлкіне өндіріп алу бойынша атқарушылық әрекеттері жасалды. Бұдан бөлек 2018 жылы аукциондық сауда-саттық жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша 5 жер учаскесі сатылып кеткен.

Сот алқасы 2018 жылғы сот шешімі заңсыз деген шешімге келді, себебі ол жер учаскелері "Қазэксим" ЖШС-не заңсыз берілгенін анықтап, осыған байланысты жер учаскелері Қордай ауданының тұрғындарына қайтарылуға жатады деп тапты. Осылайша, сот жер пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғады. Қаулы заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтағаны туралы жазған едік. Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды.


19 сәуір, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.