Атырау, 2 мамыр 18:30
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жағалаудан қап жымқырғандар ұсталды

719 просмотра

Жағалаудағы бөгеттен құм толы қапшықтарды жымқырғандар ұсталды, деп хабарлайды полиция департаменті. 

18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қаптарды ашық түрде жымқырғандар анықталып ұсталды. 42, 32, 37, 38 жастағы ер адамдар мен 34 жастағы әйел адам алдын ала ақылдасып, құм толы қаптарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына пайдалану үшін көлікке тиеп тасыған. Оларға қатысты ұсақ-түйек жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

19 сәуір, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.