Атырау, 2 мамыр 03:46
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Көршіңді суға кетірсең, өтемақы төлейсің

540 просмотра

Атырау қалалық сотында талап қоюшы Ч.-ның жауапкер С.-ға жоғарғы қабатта тұратын көршісінің пәтерге су жіберуінің нәтижесінде келтірілген 509 000 теңге көлеміндегі материалдық залалды және 120 000 теңге көлемінде өкілдің көмегіне төленген сот шығыстарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Жауапкердің кінәсі ПИК қызметкерлерімен жасақталған актімен расталады.

Көршісінің пәтерінен ыстық судың ағуы пәтерді су басуына себеп болған.

Кінәлі пәтердің иесі әлі күнге дейін ақшалай қаражаттың жетіспеушілігін айтып, судың ағып кетуін жою бойынша шаралар қабылдамаған.

Пәтерді су басу нәтижесінде талап қоюшыға пәтердің құрылыс материалдары мен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құны мөлшерінде залал келтірілді.

Сарапшының қорытындысы негізінде зерттеу кезінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мен құрылыс материалдарының құны 229 396 теңгені құрады.

Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына материалдық залал сомасы, бағалаушының қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстар, мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі шығыстар, өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар ішінара өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

19 сәуір, 03:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.