Атырау, 2 мамыр 03:52
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Тимур Құлыбаев су тасқынының зардабын жоюға 30 миллиард теңге аударды

560 просмотра

Қазақстанда бұрын-соңды болмаған алапат тасқын кей аймақтарда тұрғын үйлерді қиратып, инфрақұрылымға айтарлықтай зиянын тигізді. Осыған байланысты, Тимур Құлыбаев Атырау облысын қалпына келтіруге 30 млрд теңге аударды.

Қаражат тұрғын үйлерді жөндеуге және жаңадан салуға, инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сондай-ақ, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге жұмсалады. Бұл жұмыстар шұғыл түрде, шығын есептеліп бола салысымен басталады.

«Су тасқынынан зардап шеккен әрбір жанның қайғысына ортақпын. Апат келгелі, алғашқы күннен бастап қарғын судың астында қалған аймақтарға көмек қолын создық. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен барлық қиындықты еңсеретінімізге сенімдімін», - деді Тимур Құлыбаев.

 Қазақстандық кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынының зардабын жоюда бірлесе әрекет ету туралы ұсынысын қолдады. Соңғы жылдары Т.Құлыбаевтың компаниялар тобы Президенттің бастамаларына және қайырымдылыққа 85 млрд теңгеден астам қаржы аударды. Соның ішінде, су тасқынымен күреске қазірдің өзінде 1,5 млрд теңге бөлінген.

18 сәуір, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.