Атырау, 1 мамыр 03:51
 бұлттыВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жылыойда тасқыннан зардап шеккендерге өтемақыға өтінім қабылдау басталды

520 просмотра
Көрнекі сурет

Материалдық шығынды өтеу бойынша өтінім қабылдау бүгін, яғни, 18 сәуірден басталады, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Өтініштер 

- №1 мектеп ғимараты, Махамбет даңғылы 136 мекен-жайында қабылданады. Бұл мекен-жайда 5 ауыл, 2 ауыл, Достық және Жадырасын ықшам ауданының тұрғындарына қызмет көрсетіледі. 

- №18 мектеп ғимаратында: (221 көше, 59 ғимарат) Атырау, Болашақ, Автожолшылар ықшам ауданы және Қарағай елдімекенінің тұрғындарына қызмет көрсетіледі. 

- №9 мектеп ғимаратында: (Махамбет даңғылы 102) 4, 6, 7А және Мешіт (І.Сариев көшесі) ауылының, Ұ.Абдрахманов көшесінің (Новостройка) тұрғындарына қызмет көрсетіледі. 

Өтінішті қабылдау уақыты: 09:00-12:30 14:00-18:00

Әр ауыл немесе ықшам аудан бойынша сайланған комиссия мүшесі өз учаскесіне қызмет көрсететін мекен-жайда болуы қажет.

Сонымен бірге, су тасқынынан келтірілген залалды өтеуге өтінімді eGov mobile қосымшасында беруге болады.

Сервис су тасқынынан зардап шеккен еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары үшін қолжетімді.

Егер өтініш қағаз түрінде берілген болса, онда оны сервис арқылы қайталаудың қажеті жоқ. Ақпарат автоматты түрде есепке алынады.

18 сәуір, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.