Атырау, 30 сәуір 19:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Сурхан өзегін түп тереңдету жұмыстары жүргізілуде

405 просмотра

Құрманғазы ауданында су тасқынының алдын алу мақсатындағы жұмыстар жалғасын табуда, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Соның ішінде жаз мезгілінде өзендердің тартылып қалмауының алдын алу мақсатында түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыстарды “Павлодар өзен порты” АҚ-ы атқаруда.

Су жолын тазарту, тереңдету және кеңейту үшін алты шынжыр табанды   экскаватор жұмылдырылуда.

Бүгінде Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі  тәулік ішінде 6 см-ге көтеріліп, казір мұндағы су деңгейі 193 см болып тұр.

17 сәуір, 22:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.