Атырау, 30 сәуір 20:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

"Тәтті алмай, қазақ достарымызға береміз". Моңғолиядағы қандас балалар су тасқынына байланысты ақша жинап жатыр

257 просмотра
видеодан скриншот

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында тұратын қазақ балалары әлеуметтік желіге әсерлі видео жариялап, Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен құрдастарына көмек жинаған. Бұл туралы Моңғолия қазақтарының тілі мен мәдениетін қолдау орталығы жеке парақшасында жазған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Дереккөзге сүйенсек, Баян-Өлгий аймағындағы жалпы білім беретін №1 мектебінің 6 "Б" сыныбының оқушылары Қазақстанның су тасқынына ұшыраған аймақтарындағы балаларға арнап 200 мың төгрөг ұсынған. Қазақстан валютасына шаққанда бұл 26 мың теңге.

Бұдан өзге бұл одақ Қазақстанның су тасқынына ұшыраған аймақтарының халқына қолдау көрсету акциясын бастаған. Акция басталғаннан бері Моңғолия қазақтары 5 күн ішінде 5 043 048 төгрөг (670 мың теңге) жинаған. 

17 сәуір, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.