Атырау, 30 сәуір 19:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Су тасқыны кезінде әуе билеттерінің бағасы 40 мың теңгеден аспайды

249 просмотра
Фото: Самұрық-Қазына

«Самұрық-Қазына» тобы су тасқынына қарсы күреске 15 млрд теңге бөледі. Әуе билеттері құнына да шек қойылды - ол су тасқыны кезінде 40 мың теңгеден аспайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қордың корпоративтік орталығы, "Қазмұнайгаз", "Қазатомөнеркәсіп", "Қазақстан темір жолы", QazaqGaz, KEGOC, "Қазақтелеком", "Эйр Астана", "Самұрық-Энерго" көмек көрсетті.

Бұл ретте Қор қызметкерлері қаражат жинап, гуманитарлық көмек сатып алады, сондай-ақ өңірлердегі авариялық-құтқару жұмыстарына қатысады, бүлінген инфрақұрылым мен тұрғын үйлерді қалпына келтіруге көмектеседі.

«Қордың тобына кіретін авиакомпанияларда авиабилеттерге арнайы төмендетілген тариф енгізілді. Бұл көптеген қазақстандықтарға су тасқыны болып жатқан жерлерден кетуге мүмкіндік береді. Ол үшін "Эйр Астана” тобымен 40 қосымша рейс және "Qazaq Air" 2 қосымша рейс ұйымдастырылды», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Айта кетейік, авиакомпаниялар сұраныстың артуына қарамастан тарифтердің құнын көтерген жоқ. Керісінше, 13-24 сәуір аралығында Атыраудан тікелей рейстерге арнайы тариф енгізген.

"Эйр Астана" және FlyArystan билеттерінің құны бір бағытта эконом-класта 40 мың теңгені құрайды. Qazaq Air-да билеттердің құны 24 сәуірге дейін су тасқыны болып жатқан барлық бағыттар бойынша 40 мың теңгеден аспайтын болады. "Эйр Астана" мен FlyArystan су тасқыны басталғаннан бері 60 тоннадан астам гуманитарлық жүкті тегін тасымалдады, бұл ақшалай түрде ондаған миллион теңгеге тең. Сонымен қатар, Қор табиғи апатпен күресу үшін қажетті техникалар мен адамдарды ұсынды.

Сонымен қатар, су тасқыны кезінде теміржол билеттері де қымбаттамайды деп хабарланып отыр.Мәселен,купе вагондарында Орал-Қызылорда және Атырау-Алматы пойыздарына билеттер құны 13 915 теңгені, плацкартта - 9 216 теңгені құрайды. "Атырау-Астана" пойызында жол жүру купе үшін 18 114 теңге және плацкарт үшін 11 898 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин су тасқыны кезінде әуе компаниялары пайдасын ойлап, билеттерді қымбаттатқанын айтып, үкіметтен осы мәселені шешуді талап еткен. 

17 сәуір, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.