Атырау, 30 сәуір 19:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған пилоттық жоба іске қосылды

292 просмотра
Фото: arna-news.kz

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге eGov Mobile қосымшасы арқылы көмекке жүгіну бойынша пилоттық жоба іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Өтінім беру үшін мобильді қосымшаға кіріп, басты бетте "Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама" қызметін табу қажет. Ашылған терезеде зардап шеккендер туралы барлық қажетті деректер мен ақпаратты, соның ішінде банк шоты, байланыс телефонын, оқиғаның мекен-жайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүліктің болуын немесе болмауын, келтірілген залалдың сипаттамасын көрсету қажет. Барлық деректерді толтырғаннан кейін сауалнамаға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

"Әлеуметтік көмек" автоматты ақпараттық жүйесі арқылы оқиға болған ауданның жергілікті атқарушы органдарына өтініш беріледі, қаралған өтініштер негізінде зардап шеккен мүліктің орнында бағалау жүргізіліп, қажетті қолдау көрсетіледі.

Бағалау мониторингі фото-бейне, сондай-ақ FSM Social арнайы мобильді қосымшасы арқылы гео-жазбаны қолдану арқылы тіркеледі", - деді министрлік өкілдері.

Бұл механизм барлық ақпаратты цифрландыру арқылы төтенше жағдайларда көмек көрсету үдерісін толық бақылауға мүмкіндік береді деп күтіледі. Ведомство тек ресми eGov Mobile қосымшасын пайдаланудың маңыздылығын еске салады.

16 сәуір, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.